Екі ай бұрын жұмысшы мамандықтар жылы аясында Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Еңбек батыры» облыстық байқауы жарияланған еді. Байқау екі кезең бойынша өтті. Қатысушылар өз жұмыс тәжірибесін ұсынып, комиссия алдында жеке таныстырылым жасады. Бүгін үздіктер марапатталып, еңбек жолындағы жетістіктері атап өтілді.

30 жастағы Жанат Жангелді – Қазақстан алюминий зауытының жылу беру орталығында еңбек ететін жас маман. Құрылыс-монтаждау бойынша сарапшы. Ол байқауға алғаш рет қатысып, кәсіби жетістіктерімен көзге түсті.

Жанат Жангелді, құрылыс монтаждау бойынша сарапшы

Жұмысшы жылына арналған конкурс ұйымдастырылып жатыр. Осыған алғашқы рет қатысып жатырмын. Біз инвестициялық жобаларды іске асырамыз. Біздің жоба Павлодар қаласының жылу маусымына тікелей әсер етеді. Жылу энегрисы 50 гигкло көбейеді.

Ал 28 жастағы Алихасхан Жеңісбеков — «Kaz Minerals Bozshakol» кәсіпорнында еңбек етеді. Электр жабдықтарын күтіп ұстау мамандығын таңдаған ол бала кезінен электроникаға қызыққан. Кәсіпорын атынан байқауға ұсынылған маман комиссия алдында арнайы бейнематериал мен презентация арқылы өз жетістіктерін қорғап шықты.

АЛИХАСХАН ЖЕҢІСБЕКОВ, «KAZ MINERALS BOZSHAKOL» КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Таңдаған мамандығым электра монтер по обслуживания электра оборудования. Жас кезімнен электроникаға қызыққан едім. Еңбек батыр конкурсныа кәсіпорын жіберіп отыр. Презентация, бейнебаянды комиссия мүшелеріне көрсеткен едім.

Байқау олардың тәжірибесі мен жетістіктерін көрсететін ашық алаңға айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға облыстың жетекші кәсіпорындарынан белсенді жастар қатысып, өз еңбектерін қорғауға мүмкіндік алды. Байқауға 35 жасқа толмаған жастар қатысты.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы бөлімінің басшысы

өңіріміздің ірі кәсіпорындардан 30 өтінім түсті. 20 сы ірікту кезеңінен өтті. өзінің жобасын презентациялады. Агроном, ірі жобалармен жұмыс істейтін әр маман еңбегін бағалап, өнер көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері жұмысшы жастар арасындағы ең үздіктерді анықтады. Олар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздарды облыс әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова құттықтады.

Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Жұмысшы мамандықтар жылына арналған алғаш рет облысымызда. Ееліміздің тірегі болған. Слесарь дәнекерлеуші, жастарды анқытау және қолдау.

«Еңбек өнертапқышы», «Қоғам жанашыры», «Кәсіби серпіліс» аталымдары бойынша 6 жеңімпаз 100, 250 және 350 мың теңге сертификат алды. Бұл конкурс жұмысшы жастардың кәсіби өсуіне, әлеуметтік белсенділігіне және тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

Әйгерім Тоқпанқызы