«Ертіс орманы» табиғи резерватында өрттің алдын алуға арналған 23 камералы бекет орнатылды. Бұл орманды күні түні жоғарыдан бақылап тұруға мүмкіндік берген. Бейнебақылау құрылғысы осы көктемнен бастап іске қосылды.

Камераның көмегімен 20-ға жуық өрт оқиғасы анықталған. Бейнебақылау құрылғысы табиғи резерват аумағын толығымен бақылауда ұстауға қауқарлы. Арнайы құрылған операторлық орталық 24 сағат бойы жұмыс істейді.

ҚАЗБЕК ӘМЕТОВ, «ЕРТІС ОРМАНЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ М.А.

Бір камераның өзін қарап патруль жасауының өзі 10 минут болады. Адамдардың жұмысын жеңілдетті. Бірақ, біз оған қарамай, бізде 18 өрт сөндіру вышкаларында кезекшілер күні түні жұмыс жасайды. Оларды біз әлі босатқан жоқпыз. Паралелль жұмыс жасатып жатырмыз.

Табиғи орман резерватының жалпы аумағы 277 961 гектарды құрайды. Ұзындығы 133 шақырым. Осынау үлкен орманда өрт оқиғасы бола қалса, техниканың жетуі де қиын. Сондықтанда да резерват басшылығы өрт сөндіру көліктерін жаңалауға көңіл бөлген. Былтырды Шалдай ауылының аумағында үлкен өрт оқиғасы болып, қаншама мың қарағай ағашы жанып кетті. Орман шаруашылығындағы жаңашылдықтармен өңірге арнайы іс сапармен барған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары да танысты.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Техникалық база да жаңартылып жатқанын көріп отырмыз. Бұл өте үлкен мүмкіндік береді. Біз былтыр осы жерде өрт болған кезде өз басым келіп қатысқам. Өрт сөндіру жұмысына куә болдым. Соның барысында шыныменде техниканың ескіргеніне көзім жетті. Көрші облыстан, көрші өңірден өрт сөндіруге арналған келіп қатысқан болатын. Және сол кезде КАМаздың базасындағы 5 тонналықтың өту мүмкіндігі зор көліктермен жыл аяғына дейін тағы толығады деп отыр.

Қазір орман шаруашылығында 37 трактор, 38 өрт сөндіру көлігі бар. Ал орманшылардың жалақысы 100 пайызға өсті. Шамамен 300 мыңдай алса, өрт сөндірушілердің айлығы 480 мың теңгеге жетті. Бұл мамандардың жұмысқа деген ынтасын арттыра түскен.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, АРМАН ЯКУБОВ. ЕА ШАРБАҚТЫ АУДАНЫНАН