Өңірге жұмыс сапарымен келген ҚР Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин Екібастұз қаласына барды. Онда ірі жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Кездесуде қандай мәселе талқыланды? Бұл туралы – келесі сюжетте.

Бұл кәсіпорын – Қазақстандағы ең ірі жылыжай кешені. Аумағы – 30 гектар. Мұнда қызанақ пен қияр өсіріледі. Жылыжай жұмысымен мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин танысып, өндірісті дамыту жолдары жайында ойымен бөлісті.

АЯН ЗЕЙНУЛЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Бүгін тұқым өсіру шаруашылығы туралы сөз қозғадық, өйткені бұл өнімдердің тұқымы шетелден әкелінеді. Мұның барлығын Қазақстанда қалай дамытуға болатынын талқыладық. Осы орайда тұқым қорлары мен тыңайтқыштарды субдисидиялауға қатысты сауалдар пайда болды. Оларды Ауыл шаруашылығы министрімен бірге қарастырамыз. Оңтайлы шешім табуға тырысамыз. Себебі қазір сырттан тұқым әкелуден бас тартатын уақыт келді.

Тұқымдардың Қазақстанда өндірілуі ауыл шаруашылығына үлкен серпіліс береді», - дейді депутат. Дегенмен әзірге елімізде ондай шаруашылық қолға алынбаған. Екібастұздағы жылыжайда голландиялық тұқымдар пайдаланылады. Қазақстандық тұқымдардың өндірілуі кәсіпкерлерге де тиімді болмақ.

НАТАЛИЯ КУЛИКОВА, КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл – өзекті мәселе. Себебі қазір жылыжайлардың барлығы тұқымдарды өндірушілерден сатып алады. Жақсы тұқымды алу үшін кезекке тұру керек. Өйткені Ресей тағы басқа шетелдік кәсіпорындар да біз сияқты өндірушілерден сатып алады.«Егер Қазақстанда тұқымдарды өндіру қолға алынса, керемет болар еді. Баға сегменті де қолайлы болады. Қазір сұранысқа ие өндірушілерде тұқым бағасы өте қымбат.

Кәсіпорында жаңа үлгідегі жабдықтар және заманауи технологиялар қолданылады. Жылыжай алдағы уақытта өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Келесі жылы аумағы 10 гектарға кеңейеді.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНАН