Биыл жазушы, драматург, публицист, аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың дүниеге келгеніне – 135 жыл. Мерейлі датаға орай, арнамыздың түсірілім тобы Павлодар облысының мемлекеттік архивіне барып, Алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығына қатысты құжаттармен танысты.

Жүсіпбек Аймауытұлы – ұлттық мүдде, халықты мәдени-ағарту жолында аянбай қызмет еткен тұлға. Облыстың мемлекеттік архивінде оның еңбек жолынан хабар беретін хаттамалар сақталған. Ал құжаттардың өзінде «аса маңызды» деген белгі бар.

КҮЛӘШ ЕСІМХАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ АРХИВШІСІ

Хаттамада былай жазылған: «Избрать комиссию по подготовке выборов исполкомов в составе семи человек под председательством представител Губревкома товарища Аймаутова.», - дейді. Аймауытов сол кезде Семейде Губернский Ревлюционный комитетте істеген и Павлодарға келіп, осы уездік комитетке жұмысына көмектескен. Ал екінші хаттаманы оқысақ, ол хаттама –13 шілде 1920 жылғы 44 хаттама. Сонда осы отырыста былай жазылған: «Предизбирком Аймауытов қатысады.

2014 жылы облыстың мемлекеттік архиві мамандары Мәскеудегі «Мемориал» тарихи-ағарту қоғамының мұрағатымен танысқан. Ондағы Жүсіпбек Аймауытұлына арналған қор материалдарынан құнды фотосуреттер табылды.

КҮЛӘШ ЕСІМХАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ АРХИВШІСІ

Осы соңғы сурет деп айтуға болады Жүсіпбек Аймауытовтың. Ату жазасына кесілгеннің алдындағы сурет қой. Ж. Аймауытовтың мәйіті Москва қаласындағы Ваганьковское кладбище деген жерде жерленген. Осы суретті де архившілер сол Ваганьковское клвдбищеге барғанда, суретті түсіріп алған.

Архивте негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға байланысты топтама бар. Оған Жүсіпбек Аймауытұлына қатысты осындай маңызды құжаттар мен фотосуреттер де енген.

ЖҰЛДЫЗ ҚАБЫЛДЕНОВА, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА