Медициналық сақтандыруы жоқ тұрғындар да енді ерте диагностиканы тегін өте алады. Бұл — 14 шілдеде қабылданған жаңа Заңға сай. Құжатқа сәйкес еліміздің денсаулық сақтау жүйесі сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшіп жатыр. Соның нәтижесінде 2026 жылдан бастап бұрын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кірген кейбір қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне ауыстырылды
Қазір жатыр мойны, сүт безі, ішек қатерлі ісігі, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома және вирустық гепатиттерді анықтауға арналған скринингтер барлық азамат үшін қолжетімді. Мамандардың айтуынша, скрининг кезінде тек аурудың бар-жоғы ғана емес, оның басталуына себеп болатын бастапқы өзгерістер де анықталады. Бұл ауруды ерте кезеңде тоқтатуға мүмкіндік береді.
Эльмира Темірғалиева, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы
Бұрынғы кездерде бұл мәмс жүйесіне кіретін болса қазір мемлекет тарапынан тегін қаралуға болады. Қазіргі таңда онкологиялық аурулардын алу мақсатында ерте кезеңнен анықтап барлық тараптан науқасқа тез сауығып кету.
Бұған дейін Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде диагноз тек Адам иммун тапшылығы вирусы мен туберкулезге күдік болғанда ғана қойылатын. Ал басқа әлеуметтік маңызды ауруларға диагноз қою үшін азаматтың сақтандырылған болуы қажет еді. Енді бұл талап жеңілдеп, ерте диагностика сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан баршаға қолжетімді бола бастады.
Эльмира Темірғалиева, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы
Және сақтандырылмаған біздің азаматтар қандай медициналық көмектерді ала алады. Сақтандырылған азамат болу үшін не істеу керек сол бойынша ашық есік күнін өткіземіз.Барлық азаматтар келіп тегін медициналық көмекті ала алады.
Дәрігерлер емханадан шақырту хат келсе, тексерістен өтуді кейінге қалдырмауға кеңес береді. Ерте диагностика – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы.
Дильназ Қуанышбекқызы