Павлодарда өңірдің үкіметтік емес ұйымдары жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылады. Жиын мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталды. Шара барысында ұйым өкілдеріне арнайы номинациялар табысталды. Толығырақ кездесуге қатысып келген тілшіміз жалғастырады.
Кездесуде биыл жүзеге асқан ортақ жобалардың нәтижелері қаралды. Қатысушылар атқарылған жұмыстардың тиімділігіне тоқталып, әлеуметтік бастамалардың қоғамға тигізген әсерін атап өтті. Сонымен бірге 2026 жылға арналған жаңа міндеттер мен басым бағыттар талқыланды.
Айнұр Раисова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары
Аймағымыздың белсенді үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып олар үшін біз 5 номинация аранйы жасап яғни жыл бойы мемлекеттік органдармен серіктес болған үкіметтік емес ұйымдарды атап олардың жобаларын атып, нәтижесі жақсы жобаларын атып оларға 5 номинация марапттау рәсімін өткіздік. Бүгінгі таңда облыста 700ден аса үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Бірақ ең белсенділері, танымал үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіріп отырмыз. Осы үкіметтік емес ұйымдар биыл 200ден аса жобаларын іске асырды. Олардың нәтижелері бар әрине. Бұл тек әлеуметтік сала емес, денсаулық, экология саласында жобалар бар.
Әсіресе, әлеуметтік жобаларды іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жұмыс тетіктері, үкіметтік емес ұйымдардың өңірдің дамуына қосқан үлесі кеңінен сөз болды. Ұйым өкілдері өз ұсыныстарын айтып, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді көтерді. Шарада «Жаңа серпін» номинациясының иегері жүзеге асқан жобаларымен бөлісті.
Толғанай Рахметова, Ертіс ауданы «Ертіс тұғыры» ҚБ жетекшісі
Бізің қоғамдық бірлестік жас қоғамдық бірлестіктерінің бірі. Дегенмен жас болса да биыл аса табысты жұмыс істедік деп ойлаймын. Бірлестіктің негізгі бағыты әлеуметтік болып табылады. Қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға ас салыстық. Сонымен қатар негізгі жетістіктеріміздің бірі біздің шығармашалық жобамыз ҚР азаматтық альянсының шағын грантын иеленген болатын. Бұл грант аясында біз ауыл тұрғындары арасында бос уақытты сапалы қамту, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру бағытында жұмыс жасап, сабақ алатын мүмкіндігі шектеулі балармен қарыс-қатынас орнаттық.
Кездесу азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың өзара серіктестігін нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды. Жиын өңірдің тұрақты дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға жаңа мүмкіндік ашты.
Сабина Жолдаспаева