Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынов атындағы №34-ші мектеп оқушылары білім ошағының тарлығына байланысты 3 ауысымда оқуға мәжбүр. Енді үшінші тоқсаннан бастап бастауыш сынып оқушылары қосымша салынған жаңа ғимаратта білім алмақ. Тілші әңгімесінде.
Бұл орын тапшылығын және үш ауысыммен оқыту мәселесін жою үшін қолға алынды. Қазір білім ошағында 1776 оқушы оқиды. Қосалқы ғимараттың құрылысы былтыр басталған еді. Жыл аяғында тиісті құжаттарға қол қойылып пайдалануға беріледі деді құрылыс басқармасында.
Борис Сеннов, Павлодар облысы құрылыс басқармасының бас маманы
Строительно монтажные работы завершены. Основное... Құрылысы толық аяқталды. Жобаның негізгі мерзіміне әсер еткен басты фактор техникалық құжаттаманы келісу процесі. Бірқатар монополиялық ұйымдар тарапынан қосымша талаптар қойылып, осы себепті құжаттарды бекіту кезеңі созылып кетті. Барлық талаптар орындалып, қажетті техникалық құжаттардың барлығы келісілді. Енді нысанды пайдалануға беру актісіне қол қою ғана қалды. Алдын ала жоспар бойынша құжатқа желтоқсан айының екінші онкүндігінде қол қойылады.
Нысанның бой көтеруіне 1,5 млрд теңге жұмсалған. Білім ордасы бір ауысымда 288 бала қабылдайды. Енді 3 тоқсаннан бастап шәкірттер жаңа ғимаратта білім алады.
Борис Сеннов, Павлодар облысы құрылыс басқармасының бас маманы
Ғимараттың ауданы 4 мың шаршы метр. Жоба үш ауысымды оқытуды қысқарту мақсатында жүзеге асырылды. Құрылыстың құны — 1,5 млрд теңге. Қосымша ғимарат №34 мектеппен галерея арқылы біріктірілген, сондай-ақ екі жеке кіреберіс есігі бар. Барлық техникалық талаптар орындалды.
Мектеп барлық құрал жабдықтармен және заманауи кабинеттермен жарақталады. Жалпы, қазір облыс орталығында үш ауысымда білім беретін 2 мектеп бар. Бұл Мұхтар Әуезов атындағы №42-ші мектеп және осы аталған №34 мектеп. Ал осындай қосалқы ғимарат келер жылы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектепке салынады. Сондай-ақ Усолка мөлтек ауданында су жаңа мектептің құрылыс басталады.
Әйгерім Тоқпанқызы