Қала күніне орай шаһардың дамуы мен қалыптасуына ерен еңбек қосқан адамдар жайлы айтуды жалғастырамыз. Бұл жолы «Ел анасы» атағын иеленген, өңірдің Аналар кеңесін басқарып отырған Бақытжамал Шаханқызы туралы сюжет ұсынамыз.
Тарихқа көз жүгіртсек, Павлодар небір мықтылар мен шешендердің, батырлар мен көсемдердің мекені. Олардың жолын жалғаған талай ұрпақ дүниеге келді. Абыройы мен адалдығы ақ жаулықпен теңескен талай ана сол ұл-қызды тәрбиеледі. Ұрпақты ғана емес ұлтты тәрбиелеп отырған аналардың бірі Бақытжамал Максилова.
БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Жалпы мен Павлодар ауданының тумасымын. 1962 жылдан бастап Павлодар қаласында 10 Абай атындағы мектепте оқығанмын. Қаланы қалай айтамын. Ең сүйікті Павлодар қаламыз. Ертіс Баян өңірі деп айтыңызшы деп айтатындар бар. Бірақ ең сүйікті осы Павлодар өңірі, Павлодар қаласы.
Шын мәнінде, оның өз себебі бар. Бақытжамал Шаханқызы осы Ертіс-Баян өңірінің тумасы ғана емес, осы жерде талай жыл еңбек етіп, тұлға болып қалыптасып, ұрпақтың тәрбиесіне, тәліміне өз үлесін қосқан адам. Ұзақ жылдар шаһар мектептерінде білім беріп, талай тарихи сәттерге куә болған жан.
БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Енді қазір өмірдің ағымымен қаламыз өсіп келеді. Бірақ қаламызды көркейту үшін қала тұрғындары үлсеін қосса деймін. Айналамызды қарайық. Тұрған жерімізді сыйлайық.
Ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға арналған мектеп интернатта 7 жыл еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шықты. Жалпы Бақытжамал Шаханқызы әр кез қоғамдық жұмыстармен айналысты. Облыстық аналар кеңесін қолға алып, «Нұр Ана әлемі» Қоғамдық ұйымын басқарған беттен тіпті ешбір шара онсыз өтпейтін болды. Қазір де жасы 80-ге таяса да ұрпақ тәрбиесін негізге алып, жастарға ақыл-кеңесін айтып жүр.
БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Енді біз апалармен көп жүреміз. Осы қаламыздың әр шетінде, мектебінде боламыз. Қаламызды көркейту әрбір адамдынң міндеті. Қаламыздан әдемі қала жоқ сияқты. Қанша кинотеатрлар бар. Өсіп келеміз ғой. Үлкен ата апаларға шүкіршілік, тәубә болсын. Жалпы жан жақтағы адамдарды сүю әр адамның міндеті.
Қаланың даму барысында әлеуметтік-экономикалық әлеует, көрсеткіштер, индикаторлар, әр саланың өсу баспалдағы әлбетте маңызды. Бірақ осының бәрінің іргетасы ұлт тәрбиесі, иделогияда жатқанын ұмытпайық.
Самал Қалиқызы, Евгений Олейник, ЕА