Екібастұз қаласында ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Замандастар-құрдастар» ансамблі бар. Таяуда ұжым арнамыздағы «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, ән мен жырдан шашу шашты.

Ансамбль ұжымы қазақтың мұрасы ән қазынасын белсенді насихаттап келеді. Ата-әжелер өткен жылдар әндерін әуелетіп, қайта оралмас жастық шақтың сағымдай бұлдыраған күндерін есіңізге салады Таяуда ұжымға 5 жыл толған. Бүгінде олардың репертуарлары дәстүрлі әндерге толы. Жеке әншілер орыс, неміс, поляк тілдерінде де әндер орындайды дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі.

ЛӘЗЗАТ ШУШАЕВА, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ «ЗАМАНДАСТАР-ҚҰРДАСТАР» АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Ансамбьде 20-дан астам адам бар. Жастары 86-дан асқан, ең жасы мен, 65 жастамын. Репертуарымызда 60-тан астам ән бар. Оның ішінде қазақтың халық әндері, көбінесе дәстүрлі әндер домбырамен орындайды.

Ансамбль Екібастұз қаласында өтетін салтанатты шараларға белсенді ат салысады. Сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 80 жылдығында арнап алғаш рет үлкен хор ұжымы болып өнер көрсетпекші.

ЛӘЗЗАТ ШУШАЕВА, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ «ЗАМАНДАСТАР-ҚҰРДАСТАР» АНСАМБЛІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ

Алдағы уақытта Жеңістің 80 жылдығына біз дайындығымызды бастап кеттік. Өзіміздің жоспарымыз бойынша 80 жылдыққа 80 зейнеткерден құралған үлкен хор ұжымын ұйымдастырсақ деген ойымыз бар.

Осылайша, дана қарияларымыз есті де ескі әндерді жас ұрпақ бойына барынша дәріптеп, ұлттық өнерді ұлықтап келеді.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ӘДІЛХАН МҮТӘЛАПОВ, ЕА