Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының аймақтық филиалы пациенттерге қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, биыл өңірде жасалған күрделі отаның құны 1 млрдқа жуықтайды. Толығырақ алдағы бейнематериалда.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі міндеттерінің бірі медициналық ұйымдармен тікелей жұмыс істеу. Бұл тұрғыда біздің облысымызда 3 аурухана бар. Олармен белгілі келісімшарт жасалған, оның аясында тегін оталар іске асады. Былтыр өңірде 1,7 млрд теңге қаражат бөлініп, 2000-нан астам күрделі операциялар жасалған. Биыл алты айдың ішінде 1 млрд теңгеге 1589 операция жүргізілді. Өңіріміздегі медициналық мекемелерде түрлі күрделі оталар жасалынып келеді.
ЖАНГЕЛДІ ШАЙЫМБЕТОВ, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» ПАВЛОДАР ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі таңда, мысалы Сұлтанов атындағы облыстық аурханада жамбас-тізе буындарын ауыстыру жасалынады.Бір операцияның құны – 2 млннан асады. Сонымен қатар, 1 қалалық ауруханада жалпы эмбализация және бас мойын арттерияларына жасалады. Осы жоғарғы технологиялық операциялардың барлығы емхана арқылы жүргізіледі. Олар порталға кезектілікке тұрып, соған сәйкес ауруханаларда автоматты түрде айқындалады.
Қымбат әрі тегін ота облыстық кардиохирургия орталығында жүзеге асады. Мысалы, 2023 жылы 317, ал ағымдағы жылы 191 ота жасалған. Ең қымбат отаның құны 1 млрд теңге.
ГҮЛЖАНАТ ДЖАКОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Біздің орталық лидерлердің қатарында. Әртүрлі күрделі операциялар өтеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы кеңістігіміз артып келеді. Мысалы, қазіргі таңда өкпе эмболиясы патологиясын емдейміз. Республикада мұндай патологияны ашық тәсілдермен біздің орталық ғана жүзеге асырады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі қымбат оталарға кезекте тұрғандар саны азайған. Тегін медициналық көмекке ие болған павлодарлықтар МӘМС-тің оң нәтижелерін де көре бастаған.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, АЛЕКСЕЙ МЕХЕДОВ, ЕА