Былтыр жазда ірі орман өрттері орын алғаны белгілі. Соған байланысты Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына ормандарды заңсыз кесу және ұрлауға қарсы күрес шараларын күшейтуді жүктеді. Ішкі істер министрлігі тапсырманы орындау аясында бірнеше заң бұзушылықты анықтады.

Абай ауданында ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің жедел уәкілдері прокуратураның үйлестіруімен ұзақ уақыт бойы бірлесе тексеру жүргізген. Нәтижесінде «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи қоры филиалы басшысының жетекшілігімен жұмыс істеген қылмыстық топ әрекеті анықталды.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ

Орманды жымқырды деген күдікпен полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тінту жүргізіліп, ұрланған ағаштарды ондаған текше метрі, ағаш өңдеу станоктары, ақша және құжаттар тәркіленді. Филиал директоры және қылмысқа қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Спикердің айтуынша, күдіктілердің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, пара алу, мүлікті жымқыру және жалған құжат жасау істеріне қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл – еліміздің орман қорында орын алған алғашқы заң бұзушылық емес. Павлодар өңірінде де құқық бұзушылық орын алғаны белгілі болды.

ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Ертіс орманы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директорының басшылығымен әрекет еткен қылмыстық топ ұсталған болатын. Күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету, мүше болу фактілері бойынша іс тергелуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында ішкі істер министрлігі осы саладағы қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жұлдыз Қабылденова, Валентина Леонова