Павлодарда онкология дертімен 1300-ден астам адам есепте тұр. Ал, оның 163-і саркома қатерлі ісігіне шалдыққан. Саркома қандай дерт, себептері мен алдын алу жолдары қандай? Толығырақ алдағы сюжетте.
Саркома – дәнекер тінінен онкологиялық процестің дамуымен сипатталатын сүйек тканінің қатерлі ісігі. Көптеген саркомалардың негізгі себебі жоқ. Бұл балалар мен ересектерде ешқандай себепсіз пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайдаларда, радиацияның, белгілі бір химиялық заттар немесе вирустардың әсерімен байланысты болуы мүмкін.
СЕРГЕЙ БОРИСЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДІҢ ДИСПАНСЕРЛІК БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Саркома әртүрлі әсер етуі мүмкін. Өкінішке қарай, саркома ауруының тән, клиникалық көріністерінің алғашқы белгілері жоқ. Яғни, адамдар айтқандай, қандай да бір ісік пайда болады. Алайда, оны адам бастапқыда өзі байқамауы мүмкін. Кейін мән беріп, назар аудармағаннан ол ұлғая береді. Сондықтан тексерістен міндетті түрде өткен жөн.
Ісіктің даму мерзімі әртүрлі. Дәрігерлердің пікірінше, аурудың пайда болуының тағы бір себебі – бұл әлсіз иммунитет. Оны тез әрі дұрыс емдеген жөн.
СЕРГЕЙ БОРИСЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРДІҢ ДИСПАНСЕРЛІК БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Емдеу негізі хирургиялық әдіспен өтеді. Саркоманың өзі сәулелік терапияға іс жүзінде сезімтал емес. Павлодар облысында түрлі саркомалармен бір жылда 25-30 адамды қабылдаймыз. Бұл адамдардың өзіңе мұқият назар аудару керек, өйткені дерт мүмкіндігінше тез, әрі дұрыс емдеуді қажет етеді.
Биыл онкологиялық диспансерде саркомасы бар 12 пациент есепте қойылды. Жалпы, мұндай кеселмен бақылауда 162 адам бар. Сондықтан, осы сенбі күні қала тұрғындары үшін онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Дәрігерлер 9:00-ден19:00-ге дейін қабылдау жүргізеді. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлік және өзге де медициналық зерттеулердің нәтижелері болуы керек.
Қымбат Садық