Павлодарда 39 жастағы ер адам әйелді жыныстық қатынасқа түспегені үшін қылқындырып өлтірген. Сұмдық оқиға осыдан 15 жыл бұрын болыпты.

2 ер адам мен 1 әйел өзен жағасына демалуға барған. Ішімдікке мас болған жігіт әйелді зорламақ болған. Бірақ, оған қарсылық танытқан әйелді мойнынан қылқындырған. Ал қасында болған екінші жігіт құтқармақ болғанмен үлгермепті. Қаскөй қылмысын жасыру үшін оның денесін өзенге лақтырып жіберген. Қылмыс тек 15 жыл өткен соң ғана куәгердің көмегімен ашылды. Сот ер адамды кінәлі деп тауып 18 жылға бас бостандығынан айырды.

МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Б-ның жасағаны аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ол үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ол бұрын сотталған және жазасын түрмеде өтеген. Осыны ескере отырып сот қылмыстардың жиынтығы бойынша Б-ға Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.