Үш апта бұрын Павлодардың басым бөлігі сусыз қалғаны белгілі. Апатқа не себеп , мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданды? Тілшіміз тарқатсын.
21 маусымда Оңтүстік су қабылдағыш сорғы станциясында сорғы жабдығы ажыратылды. Соның нәтижесінде облыс орталығында бір тәулік тіршілік нәрі болмай, қала тұрғындары сусыз отырды. Бұған себеп, су беру қысымы төмендеген.
КҮЛБАРШЫН АРЫНОВА, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М. А.
Сорғылар ескі. Бірақ кез-келген жабдық жөндеу жұмыстарынан өткеннен кейін, қай жылы өндірілсе де жарамды болып саналады. Қазір сорғылар жұмыс істеп тұр. Су арнасы судың үздіксіз жеткізілетінін хабарлады.
Сондай-ақ, брифинг барысында спикер қуат көзімен жабдықтау сапасы жөніндегі сұраққа жауап берді. Себебі, бұл мәселе қала тұрғындарының арасында өзекті.
КҮЛБАРШЫН АРЫНОВА, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М. А.
Бізде электр қуаты бойынша бірнеше мәселе бар. Оның бірі жиі өшуінде. Барлық электрмен жабдықтау желілері ПРЭК жанында. Жол картасы және электр желілерін жаңарту мәселесі барын айта кету керек. Бірінші кезекте жөндеу қажет учаскелерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Облыс орталығында әлі де иесіз қалған желілер бар. Электр желісін тарату компаниясы жергілікті биліктің балансына алынған жағдайда ғана қызмет көрсетуге дайын.
Салтанат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ , Мұрат ӘБІЛМӘЖІТ, Евгений ОЛЕЙНИК.