Павлодарда иесіз жануарлар арналған панажай өз жұмысын бастады. Мұнда ит, мысықтарға уақытша ұстауға барлық жағдай жасалған. Бастысы ауруға қарсы екпелер салынып, жануарлардың денсаулық жағдайы жиі тексеріліп отырады. Панажайдың жұмысы туралы тілшіміз біліп келді.
Жануарларды уақытша ұстауға арналған панажай 300 орынған шақталған. Қазір мұнда 231 ит бар. Олардың күтіміне 4 қызметкер жауапты.
Әр ит пен мысыққа жеке үйшік қарастырылған. Жануарлар сыртқа шығып кетпес үшін аумақ темір тормен қоршалған. Орталыққа келген ит, мысыққа чип салынып, екпе жасалады.
Қазірдің өзінде 37 итті иелері алып кеткен. Ал ит, мысық асырап алушыларға шектеу жоқ. Толық ақпаратты орталықтың инстаграм парақшасы арқылы білуге болады.
Өзгеріс Қуанар, Евгений Олейник ЕА.