Майнинг фермасының құрылғыларын шекарадан шығармақ болған азаматтар ұсталды. Оларда құны 5 млн теңге болатын биткоин жасайтын майнинг құралдары болған. Лицензия болмағандықтан тауар тәркіленді, азаматтарға айыппұл тағайындалды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды.

Майнинг құралдары яғни биткоиндарды шығаратын майнинг сервері заң бойынша аса бақылаудағы тауарлардың қатарында. Себебі оны әскери мақсатта пайдалануға болады. Сондықтан аталған құралдарды экспорттауда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін рұқсатнама болуы керек. Осылайша «Найза» шекаралық бекетінен майнинг фермасының құралдарын шығармақ болған екі азамат ұсталды.

МАҚСҰТ ҚАҢТАРБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

2022 жылы шыққан Заңнамаға сәйкес майнинг тауарлары ерекше тауарлар қатарына енеді. Бақылау тізімінде. Сот аталған құралдарды тәркілеу туралы шешім шығарды. Айыппұл тағайындалды. Павлодар облыстық сотында майнингтік құралдарды рұқсат қағазсын экспортттамақ болған екі азаматқа қатысты 2 әкімшілік іс қаралды. Біреуі Ресей Федерациясының азаматына, екіншісі Қазақстан Республикасының азаматына қатысты болды. Екеуі 5 майнинг құралдарын шекарадан өткізбек болған.

Азаматтар сот шешімін аппеляцияға берген, алайда сот шешімді өзгеріссіз қалдырды. Айта кетейік, майнинг құралдарын біздің елге кіргізу лицензия болса рұқсат етілген. Алайда оны елден экспорттауға да арнайы лицензиямен ғана рұқсат етіледі. Себебі цифрлық құралдар жоғарыда айтқандай әскери, соғыс мақсатында қолданылуы мүмкін. Осы ретте екі азаматта тиісті құжаттар болмағандықтан құралдары тәркіленді. Екеуіне 55 мың теңгеден айыппұл салынды.

МАҚСҰТ ҚАҢТАРБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Қазір жерлестеріміз шекарадан өтіп, демалысқа көп шығып жүр. Осы ретте рұқсат етілмеген заттарды елге кіргізгісі келеді. Сосын шекарада келіспеушіліктер болып жатады. Сондықтан жерлестерімізге дрон, процессор, компьютерлер, суыту құралдарын шекарадан өткізерде алдын ала рұқсатнама алуға кеңес береміз. Шекарадан өтуге рұқсат етілген заттардың тізімін кеден сайтынан, біздің департаментке хабарласып білуге болады. Тізімде болса алдын ала рұқсатнаманы қайдан алу керектігін де айтамыз. Соңғы жылдары бұған көп өзгерістер енгізілді.

Осы ретте облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде шекарадан өткізер алдында кейбір заттарға рұқсатнама алуды ұсынды. Рұқсат етілген заттар тізімін 32-22-41 нөмірі арқылы білуге болады.

Самал Қалиқызы, Юрий Белевский, ЕА