1999 жылдың 14 шілдесінде «Жеке құрам» жөніндегі Павлодар қалалық архиві құрылды. Биыл архивке 25 жыл толды. Ұжымның бүгінгі тынысымен тілшіміз танысып қайтты. Экранға зер салайық.
Архив қзыметінің міндеттерінің бірі азамататардың заңды талаптары мен мүдделерін, құқытарын қорғау, өтінішітерін қабылдау.Бұл орайда «Жеке құрам» жөніндегі Павлодар қалалық архиві еңбек өтілі, еңбек ақысын растау, зейнетақы мен нотариалды сұранымдарды орындайды. Қазіргі таңда мұнда 28 қызметкері бар, оның 12-сі архивистер. Жыл сайын 10000-ға жуық сұранымдар орындалып, күніне 50-70 адам қабылданады екен.
ГҮЛИЯ ОМАРОВА, «ЖЕКЕ ҚҰРАМ» ЖӨНІНДЕГІ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АРХИВІНІҢ БАСШЫСЫ
Жаңа құралғанда осы архив Кривенко 25 мекеміснде орналасқан. Содан кейін, 2017 жылы осы Малайсары батыр 9/5 мекенжайына көштік. Өйткені осы жылдар бойында көптеген құжаттар, жеке құрам жөніндегі құжаттар мекемелер бойынша тапсырылып, қорымыз көбейіп, қазіргі таңда 620 таралған мекеменің 140 мың іс сақтауда қазір бізде. Басты мақсатымыз – құқықтық әлеуметтік сұранымдарды орындау.
Гүлия Омарова еңбек жолын дәл осы мекемеде архивист болып бастаған .Содан бері 17 жыл өтті. 25 жылда мұнда тек үш басшысы ғана ауысты. Өз ісінің майталманы атанған жандар бүгінде құрметті демалыста. Ал жауапкершілікті талап ететін жұмыста мамандар тапшы дейді мекеме басшысы.
ГҮЛИЯ ОМАРОВА, «ЖЕКЕ ҚҰРАМ» ЖӨНІНДЕГІ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АРХИВІНІҢ БАСШЫСЫ
Осы архивтің бірінші басшысын айта кетсем, ол Есімханова Күләш болған. Көп жылдар бойы басқарды осы архивті. Сосын Сүлейменова Салтанат болды, былтыр ол кісі зейнетақыға шығып мені тағайындады. Жастар жағынан аса көп келе қоймайды. Бір 40-тан, 50-ден аса адамдар бар. Өйткені, архивте жұмыс істеу деген өте жеңіл емес.
Қалалық архивте 1925 жылғы ескі құжат сақтаулы тұр. Ол «Свободный труд» артелі деп аталады. Ал, ұжымдағы тәжірибелі архивист қызметін 2001 жылы бастаған Саян Артықбаева. Оның негізігі білімі – физика пәнінің мұғалімі, ал архивте қызмет еткеніне 20 жылдан асты.
САЯН АРТЫҚБАЕВА, «ЖЕКЕ ҚҰРАМ» ЖӨНІНДЕГІ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ АРХИВІНІҢ АРХИВИСТІ
Өзіме ұнайды. Бәрі ұйымшыл, бір-бірімізге көмектесіп, қиын-қиын жұмыстарды бірге атқарып, міне бүгінге дейін қызмет жасап жатырмыз. Архивтің жұмаысы енді төзімділікті, шыдамдылықты, жауапкершілік өте үлкен. Әрбір документті қарап-іздеп, әрбір парақты тапқанша іздеуің керек. Әрбіз біздің берген документіміздің артында адамдар түр, өте жауапты жұмыс деп есептеймін өзім.
Айта кетейік, қазіргі таңда қалалық архивте 146 мыңнан астам құжаттар сақтаулы тұр. Ұжым әрі қарай да өз жұмысын дамыта бермек. Жалпы, архив қажетті құжаттарды шаң тигізбей сақтайтын мекеме. Ал ондағы қызметкерлер сол құжаттардың шын жанашырлары.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА.