Келесі жылы елімізде мал санағы және шаруа қожалықтарына тиесілі суармалы жер көлемінің санағы өтеді. Ал Павлодар облысында тамыздың 20-сынан бастап, санақ пилоттық режимде іске қосылмақ. Мал санағы қай аудандарда жүргізіледі. Шаруалар нені білу керек? Толығырақ тілшіміз біліп келді.

Мал санағы тамыз айының 20-сы мен қыркүйек айының 30 аралығында өтеді. Бұл жолғы санақ пилоттық режимде болғандықтан, жекелеген аудандар ғана қатысады. Бұл тізімге Ақсу ауылдық аймағы, Ертіс ауданының Қарқұдық ауылы, Баянауыл ауданының Бірлік ауылдары кіреді.

Санаққа қатысқан шаруалар «sanaq.gov.kz» сайтында арнайы құжатты толтыруы керек. Биыл тек пилоттық жоба болғандықтан, дайындық барысы ғана тексеріледі. Ал келесі жылы ауқымды деңгейде мал саны түгенделеді. Бұл ауыл шаруашылығы саласын оңтайландыруға және бюджет қаражатын жоспарлауға септігін тигізбек.

Өзгеріс Қуанар, Анастасия Ерш, Юрий Белевский, ЕА