Павлодар балалар техникалық мектебінің оқушылары авиамодельді спорт түрінен өткен екі республикалық чемпионатта жүлдегер атанды. Ұшақтарды модельдеудің қыр-сырын білетін жас шеберлер туралы алдағы бейнематериалда.
Өткен аптада авиамодельді спорттан Қазақстан чемпионаты және 12-ші Республикалық гимназия аяқталды. Павлодар балалар техникалық мектебінің оқушылары осы жарыстарда өнер көрсетіп, үшінші, бірінші жалпыкомандалық орындарға ие болды. Сондай-ақ, алғаш рет олар «12- Гимназияда» чемпионы атанды. Байқауға орта буынмен қатар жас авиамоделистер қатысты. Ең үлкені – 17 жаста, ал кішісі тоғыз жаста екен.
СЕРГЕЙ СОЦ, БАЛАЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ АВИАМОДЕЛЬ ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Осы жолы менің командамда өте жас оқушылар болды. Олардың арасында жаңадан қосылған жеткіншектер болды. Соған қарамастан, команда бірігіп жұмыс істейді. Балалар бір-бірінен үйренеді, көреді. Ең жас команда болғаннан кейін мұндай жоғары нәтижеге жетеміз деп күткен жоқпын. Негізінен, жарыс өте қиын болды. Алматыда өтті. Біз барғанда ауа-райы қолайсыз болды. Бірақ, соған қарамастан, балалар үшін бәрі қызықты, әрі сәтті өтті.
Оқушылар жалпы 6 алтын медаль, 7 күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Өз кезегінде команда мүшелері де алған әсерлерімен бөлісті.
МАРК ТРЫНОВ, БАЛАЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Алматыда ауа-райы керемет болды. Барлығы қызықты өтті. Маған зымырандар, радио тұсқағаздар қатты ұнады. Әрине марапаттау сәті есімде қалды.
ИЛЬЯ ИШИМЦЕВ, БАЛАЛАР ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Бәсекелестік көп болды. Радиоқабылдағыш кезеңі ұнады. Алматыда өте әдемі екен. Бұл менің ең алғашқы жоғары жарысым, марапаттау сәтін ұмытпаймын.
Балалар техникалық мектебінің оқушылары мен үйірме жетекшісі тыңғылықты жұмыс пен ұйымшылдықтың арқасында жеңіс тұғырынан көріне алғандарын жеткізді. Бұл тек бастамасы, әлі де оқушылар биік шыңдарды бағындыра бермек.
ҚЫМБАТ САДЫҚ, АНАСТАСИЯ ЕРШ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА