Жаз басталуымен облыс жолдарында микромобильді көлікті пайдаланушылардың саны артты. Бұл апаттық жағдайлардың көбеюіне алып келді. Алдын алу жұмыстары қалай? Ары қарай тілші әңгімесінде.

САЛТАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ ТІЛШІ

Темірді тізгіндеп, қарапайым жол жүру ережелерін білмеудің нәтижесінде кей жүргізушілер жалпыға ортақ жолдарға шығуда. Соның нәтижесінде жол апаттары жиілейді.

ЖӘНІБЕК ШӘКІРОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, заңнама талаптарын сай рейд ұйымдастырды. Тек Павлодар қаласында құқықбұзушылық жасағаны үшін 241 мотоцикл, скутерлерді, мопедтер жүргізушілеріне айыппұл салынып, айып тұрағына жеткізілді. Оның арасында 61 жүргізуші кәмелет жасына толмаған. Биыл өңірде мотоциклдің қатысуымен 31 жол апаттары тіркелді. Соның салдарынан 5 адам қаза тапты. 16 адам жарақат алған.

Жауапқа тартылған 162 микромобиль көлігінің жүргізушілері көбінесе жол жүру ережелерін бұзған. Оның арасында жолаушыларды тасымалдау, жаяу жүргіншілерге жол бермеу, сондай-ақ мас күйінде көлік басқару оқиғалары тіркелген екен.

ЖӘНІБЕК ШӘКІРОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ

Жол жүру ережелерін білмегендіктен олар ортақ жолға шығады. Бұған қоса, жаяу жүргіншілерді өткізбейді. Оның нәтижесінде көп жағдайда апатты орын алады.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері микромобильді көлікті пайдалану бойынша заңнама талаптарын түсіндіруге бағытталған пысықтау жүргізілуде.Кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар жасөспірімдермен де, ата-аналармен де профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін ювеналды полицияға берілді.

САЛТАНАТ БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ

Жол жүру ережелерін сақтау әрбір азаматтың, ал жасөспірімдерге үйрету әрбір ата-ананың міндеті. Жолда абай болайық.

САЛТАНАТ ЮАУЫРЖАНҚЫЗЫ, ЮРИЙ БЕЛЕВСКИЙ ЕА