№1 қалалық ауруханада күйік бөлімшесінде тері ауыстыру, отырғызу жұмыстары жиі жүргізіледі. Оларды емдеудің жаңа әдістері мен технологиялары қарқынды қолдануда. Бұл медициналық көмек сақтандырылғандарға тегін жүргізіледі.
Любовь Солнцева Железин ауданының тұрғыны, жасы 77-де. Науқас қан тамыры ауруына шалдыққан. Оған қан фильтрі қойылған, яғни қанды сұйылтатын препарат қолданады. Сондықтан кез келген жарақаттың салдары ауыр соғады.
ЛЮБОВЬ СОЛНЦЕВА, ЕМДЕЛУШІ
Мен көлікте орындыққа аяғымды соғып алдым. Менің қаным өте сұйық, сондықтан бірден гемотома болып кетті. Бастапқыда облыстық ауруханаға жіберді. Онда дәрі жағып үйге жіберді. Бірақ бұл жарақат бірнеше күнде тіпті ауырсынып кетті. 9 шілдеде мені мында жедел жәрдеммен әкелді. Бірден хирург келіп, өз командасымен маған ота жасап, менің терімді ауыстырып берді. Мені аяққа тұрғызуға тырысып жатыр. Бәріне алғыс айтамын.
Кейіпкеріміз енді бір аптадан кейін аурухадан шығарылады. Осындай медициналық қызмет көрсету ақылы түрде 400-600 мың теңге аралығында. Бірақ Любовь Солнцева оны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін алған. Медициналық көмек уақытында жасалмаса, соңы қайғылы жағдайға әкеп соғар еді дейді дәрігерлер.
АСХАТ МҰРСАЛИМОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ КҮЙІК БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРІ
Ол кісі екі ай бұрын жарақат алған. Железинкадағы ауруханадан бізге жіберді. Өлі еттерін алып тастаған. Тері отырғыздық. Бір жұмадан кейін тері отырғыздық. Жағдайы жақсы. Аяғын жерге түсіріп, жақсы емделіп жатыр.
Павлодар қаласының күйік бөлімшесі күйік шалған, үсіп қалған және түрлі жарақат алған науқастарды қабылдайтын бірде бір орын. Мында жоспарлы түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында оталар, манипуляциялар жасалады.
Самал Қалиқызы, Евгений Олейник, ЕА