Павлодар облысы Қорғаныс істері департаментінен 434 азамат Семей қаласына әскери жиынға жіберілді. Толығырақ алдағы материалдан көрейік.

Әскери қызметкерлер үнемі сақадай сай болуы керек. Осы мақсатта жыл сайын әскери жиын ұйымдастырылады. Әскери міндеттілерге ұйымдастырылатын жиындардың негізгі мақсаты – практикалық дағдыларға машықтау және оны жетілдіру, әскери даярлықты талап етілетін деңгейде және әскери міндеттілерді жауынгерлік әзірлікте ұстау болып табылады. Онда бұрын үйренген дағдыларды қайталап, жаңа әдістерге машықтанады. Оларды шығарып салуға қорғаныс істері департаменті мен ардагерлер қатысты.

БЕКЗАТ ОРАЗОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Олар өздеріннің шындықтарын айқындап, көрсетіп, бұрынғы алған мамандықтарын тағы да күшейтіп, басқаны да үйренуге әскери қызметшілерге мүмкіндік береді. Павлодар облысының дәржесін көтеріп, азаматтық әскери мамандығын алып, тағы да көбірек ауқымды нәтижелер алуға осының бәрі себепкер.

Әскери жиынға шақырылғандар қатарында офицерлер, запастағы офирцерлер мен сержанттар бар. Жалпы 434 азамат Семей қаласы, Абай облысында 1 ай болып, әскери техника және дене даярлығымен шұғылданады.

ҒАЛАМАТ ЖАНАБЕК, ЕРСІН МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОББМ МҰҒАЛІМІ (МАЙ АУДАНЫ)

Мен әскерге бармағанмын, бірақ әскери кафедра аяқтағаннан кейін бізді әскери міндеттілерге шақырып жатыр. Жалпы, онда біз өзіміздің әскери, физикалық және басқа да дағдыларымызды одан әрі дамытамыз деген ойдамыз.

Айта кетейік, жиын кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны, атқаратын лауазымы мен еңбекақысы сақталады, ал жұмыс істемейтін азаматтарға ең төменгі жалақы беріледі.

ҚЫМБАТ САДЫҚ, ЕВГЕНИЙ ОЛЕЙНИК, ЕА