Қала күні мерекесі жақындап қалды. Ал, біз шаһардың дамуына үлес қосқан азаматтар жайлы айтуды жалғастырамыз. Бұл жолы кейіпкеріміз ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Василий Рак. Оның қызметі, өмір жолын айтамыз.
Василий Рак Брест қаласында дүниеге келген. Сонау жылдары 1960 жылы жолдамамен Павлодарға Белорусь елінен қоныс тепкен. Павлодар индустриялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын автокөлік кеңсесінде жүргізуші болып бастады.
ВАСИЛИЙ РАК, АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
1970-1978 жылдары-Павлодар №1 автокөлік кәсіпорнының өнеркәсіптік-көлік бөлімінің нұсқаушысы болдым. 13 жыл сонда істедім. 1995 жылдан бастап бастауыш көлік басқармасының орынбасары болдым. 5 жылдан кейін – №1 автобус паркіндегі әлеуметтік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары болып жұмыс істедім. 13 ол жерде болдым. Кейін зейнетке шығып, ассмблеядағы қоғамдық жұмыстаға араластым.
Василий Рак қазір ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары. Оған қоса «Беларусь» мәдени орталығы» этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары. Онда беларусь халқының мәдениетін, тілін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғыртуға бағытталған орталықтың қызметін ұйымдастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ертіс-Баян өңірінің қоғамдық өміріне белсенді қатысады, жастарды адамгершілік-рухани және патриоттық тәрбиелеу және Қазақстан халқының этносаралық келісімін нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.
ВАСИЛИЙ РАК, АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Біз келген 1960 жылдары Павлодар үлкен ауыл болды. Оның үй құрылысы, трактор зауыты, алюминий зауытының құрылысы барысында үлес қостым. Басында жүргізуші кейін инженерлі техникалық маман болдым. Павлодардың әр бұрышын білемін. Салынып жатқан әр аудан көзді қуантады.
Василий Рак 13 жасынан бастап қоғамдық жұмыстарға араласқан. Қазір зейнет те болса да, қалада ұйымдастырылатын барлық шаралардың басы-қасында жүреді.
Самал Қалиқызы, Евгений Олейник, ЕА