Полиция қызметкерлері облыста жедел-профилактикалық іс-шара жүргізді. Нәтижесінде ірі көлемде есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы анықталды.
«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өз қызметінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеруге бағытталды. Шара барысында полицейлер фармацевтикалық және медициналық қызмет субъектілерін, дәріханалар, қоймалар, өндірістік кәсіпорындар мен емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысын бақылады.
МАДИНА СЕЙІТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ
Нәтижесінде, психотроптық және есірткі заттарының заңсыз айналымының 18 фактісі, оның ішінде есірткі өткізу, фармацептикалық қызмет қағидаларын бұзу, есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер, үй-жайлардың техникалық нығаюы талаптарын бұзу және ҚР заңнамасында белгіленген лицензиялау формаларын бұзу фактілері анықталды
Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру кезінде 152 келі есірткі және психотропты заттар айналымнан алынды. Бұған қоса, аймақтағы өнеркәсіптік нысандардың бірінің аумағында прекурсорлармен жұмыс істеу қағидаларын бұза отырып сақталған 137 тоннадан аса тұз бен 14 тонна күкірт қышқылы тәркіленді.
Жұлдыз Қабылденова