Қаламыздың дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтар туралы айтуды жалғастырамыз. «Менің сүйікті қалам» айдарының бүгінгі кейіпкері – трамвай басқармасының басшысы Мүслім Махмұдов.

Әр қаланың өзіне тән ерекшелігі болады. Павлодар қаласының айрықша белгілерінің бірі – трамвайлар. Қазақстандағы ең ірі трамвай желісі – Павлодарда. Осы салада 30 жылдан аса уақыт еңбек етіп, қоғамдық көліктің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азамат – Муслим Махмудов. Әке ісін жалғастырып келе жатқан ол қазір шаһардағы ең экологиялық таза транспортттардың бірін басқарады.

МҮСЛІМ МАХМҰДОВ, Д. Д. МАХМҰДОВ АТЫНДАҒЫ «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫ» АҚ БАСШЫСЫ

Мен 1970 жылы Павлодарда дүниеге келдім. 54 жыл бойы осында тұрамын. Павлодар – менің туған қалам. Мұнда мектепті аяқтап, екі жоғары білім алдым. Осы жылдар ішінде қаламыздың дамып жатқаны байқалады. Гүлденіп, жайлы қалаға айналды. Менің ойымша, Павлодар – еліміздегі ең көрнекі, ең таза шаһар, сонымен бірге менің сүйікті қалам

Кейіпкеріміздің айтуынша, жыл санап қала көркейіп, көрнекі жерлердің саны артып келеді. Қаладағы әр жер – мен үшін ыстық, - дейді.

МҮСЛІМ МАХМҰДОВ, Д. Д. МАХМҰДОВ АТЫНДАҒЫ «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫ» АҚ БАСШЫСЫ

Павлодардың әр бөлігі тұрғындардың сүйікті орны бола алады. Мен үшін бүкіл қала – сүйікті орын: жақсы не нашар деп бөлуге болмайды. Павлодар – болашақтың қаласы. Транспорттар, оның ішінде трамвай саласы да дамып жатыр. Өзім түрлі қалаларда болып көрдім, десе де үнемі өз үйіме, Павлодарға тартып тұрады екен

Муслим Махмудов өңіріміздің қоғамдық өміріне белсене қатысады. Себебі аймақтың дамуы үшін әр адамның үлес қосуы тиісдеп санайды.

МҮСЛІМ МАХМҰДОВ, Д. Д. МАХМҰДОВ АТЫНДАҒЫ «ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТРАМВАЙ БАСҚАРМАСЫ» АҚ БАСШЫСЫ

Қазір мен «Самал» оңалту орталығында қамқорлық кеңесінің төрағасымын. Онда ерекше қажеттілігі бар балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық акциялар өткіземіз. Трамваймен қаланың көрнекі жерлерін аралаймыз. Жалғыз мен емес, біздің ұжым толығымен қайырымдылық және қоғамдық жұмыстармен

Трамвай қазірде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті қоғамдық көлігіне айналған. Трамвай басқармасының басшысы болып қызмет ететін кейіпкеріміз келесі жылы трамвайларды жаңарту жоспарда бар екенін де айтты. жаңа вагондар тұрғындарға ыңғайлы болып қана қоймай, қала көркін ашары сөзсіз.

Жұлдыз Қабылденова