«Павлодар - сүйікті қалам» айдарын жалғастырамыз. Кезекті кейіпкеріміз елімізідң спорт ардагері. Біздің облыстан талай халықаралық, республикалық жарыстарды жеңген спортшылар шықты. Қазір де Париждегі олимпиадада төбе көрсетіп жүргендер бар. Облыс спортына айрықша үлес қосқан азамат жайлы келесі сюжетте.

Амантай Сапарғалиұлы Ақмола облысының тумасы. Біздің өңірге сонау 17-18 жасында әкесінің туыстарын іздеп келген. Осындағы мұрағаттарға сәйкес әкесі Сапарғали халық жауы болып Таяу Шығысқа айдалған. Ал отбасы Ақмолаға қоныс аударған. Әкесі елге аман-есен келсін деп дүниеге келген баланы Амангелді деп атаған.

АМАНТАЙ АЙМАҒАМБЕТОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ

Көзге түсіп, спортпен шұғылданып жүргенмін қара жұмыс істеп жүргенмін. Мында жүргенде көшіріп алып келдім. Арқамнан ауыр жүк түскендей болдым. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істеп жүрдім. Кешкі уақытта стадиондарды тексеріп жүргендей, спортпен шұғылданып жүріп, үлкен дәрежелерге жетіп.

Ол 1964-1967 жылдары Түркістан әскери округінің Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. Елге келгесін 1978 жылы Павлодар педагогикалық институтын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтады. Қызмет жылдары спорттық жарыстарға белсене қатысып, Кеңес Одағының көптеген қалаларына барып, жүлделі орындарға ие болды.

АМАНТАЙ АЙМАҒАМБЕТОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ

Ол кезде край деген болды. Өлкелер арасында болатын Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Целниоград, Павлодар арасында 1,81 бойы, салмағым 84 болды. Көбінесе слаян халықтары болды. Соларды ұтып, одақтық жарысқа Минскіге келді. Тұңғыш рет осы атаққа ие боламын боламын.

Осылайша Амантай Сапарғалиұлы Павлодар облысының еркін күрестен КСРО-ның алғашқы спорт шебері, республикалық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы. Ол ҚазКСР республикалық санаттағы төрешісі, Павлодар қаласының спорт ардагерлері кеңесінің төрағасы болды. 1972 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін жаттықтырушылық қызмет атқарды. Жылда Амантай Аймағамбетов атындағы жарыс ұйымдастырылады.

АМАНТАЙ АЙМАҒАМБЕТОВ, СПОРТ АРДАГЕРІ

Сексеннің бел ортасына келем. Жылда менің атымнан күрестен жарыс өтеді. Биыл 19 рет өтеді. Себебі 2021 жылы болмады. Астана, Көкшетау, біздің ауданындары келіп 450-500 бала қатысып, жылда өтеді.

Кейіпкеріміз қызмет жолында халықаралық және республикалық турнирлердің чемпиондары мен жүлдегерлерді, спорт шеберлерді дайындады. Артыңнан өшпес осындай із қалса, басты байлық та осы емес пе.

Самал Қалиқызы