Май ауданында саяси қайраткер Хатип Хабиұлының 100 жылдығына арналған мәдени-танымдық еске алу шарасы өтті. Оған біртур перзенттің отбасы, ізбасарлары қатысты.

Май ауданы өңірдің ғана емес еліміздің дамуына зор үлес қосқан Хатип Демесіновта дәл осылай еске алды. Жерлесіміздің 100 жылдығына орай «Ұлы тұлға жүріп өткен дара жол» атты мәдени-танымдық еске алу шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Хатип Хабиұлының әкесі де білімді жан болған. Қазақ және орыс, тіпті араб тілін меңгерген. Әке қасиеті бала бойына дарыған. Павлодар облысының әртүрлі аудандарында партия, комсомол, кәсіподақ ұйымдарында жұмыс істеді. Май ауданында қызмет етіп, зор үлес қосты.

Шара барысында оның үзеңгілестері, ізбасарлары тік мінезді, бір сөйлейтін азамат еді деп ыстық естеліктермен бөлісті.

МҰХАММЕДҚАЙЫР ВАЛИТЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ол кісі бірқалыпты адам болды. Өзі денелі адамның психологиясы да сондай болады ғой. Ол кісі дауыс көтермейтін адам болатын. Адам баласы ол кісінің бетіне тура қарап тұра алмайды. Сосын артық сөйлемейді. Әсіресе халықпен көп жұмыс жасады

Хатип Хабиұлы екі ұл мен екі қыз өсірді. Өз кезегінде, балалары әкемізге құрмет көрсеткен жандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ деп ақтарылды.

ВИКТОР ДЕМЕСІНОВ, ҰЛЫ

Уақыт тауып, осы жерге жиналған баршаларыңызға үлкен алғысымды айтамын. Әкем Май ауданының құрылуына өз үлесін қосты. Сол еңбегін бүгін ескеріп, зор ықыласпен еске алып жатқандарыңызға алғысым шексізі, көп рахмет

ЛЮДМИЛА ДЕМЕСІНОВА, ҚЫЗЫ

Осындай еске алу шарасын ұйымдаастырған Май ауданына ризашылығымды білдіремін.Әкемнің еңбегін елеп-ескеріп, ұмытпағандары үшін рақмет. Иә, кейінгі жастар Хатип Хабиұлы туралы көп біле бермесі анық. Бірақ бүгінгі шарада көзін көрген зиялы жандар қатысты Ыстық естеліктерімен бөлісті. Шараға жастар көптеп қатысқанына қуандым. Өз аудандарында қызметіне берілген әкем туралы, оның атқарған қызметі, еңбегі жайлы жастар да көптеп біле жүрсе екен деймін

Хатип Демесінов ғұмырында екі “Құрмет Белгісі” ордені, үш Еңбек Қызыл Ту ордені, “Халықтар Достығы” ордені, медальдарын иеленген.

Қымбат Садық