Қаламызда бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыс іздеуші тұрғындарға 300-ге жуық қызмет түрлері ұсынылды. Шара барысын тілшіміз бақылап қайтты.

Облыс әкімдігі "AMANAT" партиясы "Жастар рухы" жастар қанатымен бірлесіп қала тұрғындары үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Кәсіпорындар әрбір қызығушылық танытқан қала тұрғынына жеке кеңестерін ұсынды. Олардың ішінде тамақ өнеркәсібі зауыттары, сондай-ақ қаладағы «Водоканал» мен Энергосбыт сияқты негізгі ұйымдар да бар.

МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Жалпы жастарға жұмыс партияның сайлау алды бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі. Бүгінгі жәрмеңкеге 30ға жуық кәсіпорындар мен жее кәсіпкерлер өз бос орындарын жастарға ұсынуда. Бос орындар шамамен 300 ге жуық. Осындай жәрмеңкелер көп бола берсін. Жастарды жұмыспен қамту негізгі мақсатымыз.

Шара барысында тіпті қолдарына дипломдарын ала келген жастар қатары да жеткілікті болды. Ұйымдастырушылардың сөзінше қаламызда өз ісін таба алмай жүрген жастар саны артуда. Ал бұның алдын алудың бірден бір жолы адамның әрбір мамандықта өзін байқап көруінде.

ИЛЬЯ ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПОФ ТӨРАҒАСЫ

" Ең бастысы мақсат қоя білу. Мысалы, экономист болғыңыз келсе, қаржылық бағыттағы бір жұмыс арқылы тәжірибе жинай аласыз. Жастар тәжірибе жинай білулері керек. Алдағы уақытта ең қажеті де осы. Түрлі ұйымдарда жұмыс істеген кезде белгілі бір дағдыларға ие боласыз. Сол арқылы өзі лайықты жалақыны да талап етуге болады "

: Кей жұмыс іздеуші жастарымыз өздерінің қалаған жұмыс орындарын табуда.

ӘУЕЗХАН ДӘРІБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қазіргі таңда бірнеше вакансия орындарын тауып ертең собеседованиеге барамын. Жалпы өзім Экология мамандығын аяқтадым. Және қазір екі бос орын таптым. Ертең барып сол жұмыс орындарымен сөйлесетін боламын.

Ұйымдастырушылар да әрбір қала тұрғынына өз болашағына жарқын жол ашар жұмыс орнын табады деген үлкен үміт артуда.

Салтанат Бауыржанқызы