Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай Павлодарда тамыздың 16-17 күндері республикалық конференция, республикалық айтыс, халықаралық жәрмеңке өтеді. Баянауылда киіз үйлер тігіліп, шара үлкен тойға ұласады. Бұдан бөлек, тамыз айында тағы қандай мерейлі даталар атап өтілмек? Келесі сюжетте.

2024 жыл - атаулы даталарға толы жыл. Олардың басым бөлігі тамыз айында болады. 3 тамызда Ақтоғай ауданында ақын, сазгер Қимадиден Нығмановтың 100 жылдығына орай шара өтеді. Киіз үй тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады. Одан кейін, Рүстембек Омаровтың 105, Аққулы ауданының 85 жылдығына орай Аққулы ауданында ауқымда шара өткізілмек. Бұл жылдың басты шараларының бірі - Қаныш Сәтпаевтың мерейтойы.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Осы жаздың басты мерекелеріңнің бірі Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы. Осы тамыз айының 16-17 күндері өтеді. 16 күні республикалық ғылыми практикалық конференция өтеді деп күтілуде. 17 күні БАянауыл ауданында үлкен тойға ұласады деп күтілуде. Жүсіпбек Аймауытов, Шәкен Айманов ауылдары болады деп күтілуде. Ақындай айтысы болады. Өзбекстан, Әзірбайжан , Қырғыстаннан қолөнершілерді күтіп отырмыз.

Осы күндері Жүсіпбек Аймауытов пен Әлкей Марғұланға арналған кітаптардың тұсаукесері, Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай «Сұңғыл», Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай «Қаныш наме», «Қаныш Сәтпаевтың естеліктері» атты кітаптың таныстырылымы өтеді.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Сәтпаеветың өзіне жылдың басынан 400ден астам шара өтті. 300-і өтіп кетті. Жыл соңына дейін өте береді. Конференция аясында 7 бірдей грантқа ие болады. Жылда болады болжап отырмыз.

Сонымен қатар, 24 тамызда Мүбәрак Жаманбалиновтың 100 жылдығына арналған үлкен іс шара өтеді. Оның ресми ашылуы Ертіс ауданының мәдениет үйінен басталады. «Өсиет» атты кітаптың тұсаукесері болады. Шара аудан, облыс өнерпаздарының мерекелік кешімен ұласады. Жалпы облыста мерейтой иелеріне арналған жыл басынан бір жарым мыңнан аса шара өткен, жыл соңына дейін жалғаса береді.

Самал Қалиқызы