Сәтбаев және Үлкен Алтай. Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев геологияны дамытуда қандай рөл атқарды. Мерейтойлық жылы біздің тілшілер ресейлік әріптестердің де пікірін біліп қайтты.
Қаныш Сәтбаев 1947 жылы "Қазақ КСР Ғылым Академиясының Хабаршысы" журналында жарияланған мақаласында " Үлкен Алтай деген атпен бұл жер екінші бесжылдықта пайда болған. Мұнда түсті және сирек металдар кен орындарын геологиялық зерттеу мен игерудің жетістіктеріне байланысты 200 мың шаршы шақырымға жуық кең аумақ бар екендігі анықталды. Оның жартысы Шығыс Қазақстан облысы, ал қалған жартысы Семей облысы мен Алтай өлкесінің арасында", - деп жазған. Үлкен Алтайдың табиғи байлығы және олардың КСРО халық шаруашылығындағы маңызы осы ғылыми еңбектің негізі болды. Қаныш Сәтбаев Үлкен Алтайды түсті және асыл металдар қоры бойынша Кеңес Одағының інжу-маржаны деп атаған. Алғашқы қазақ геологы жасаған карталардың арқасында Алтайдың көптеген кен орындарын барлау және игеру сәтті жүргізілуде .
НИНА КОЧЕЕВА, ТАУЛЫ АЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ
Қаныш Имантайұлы негізгі базаны құрып кетті. Қазірдің өзінде жасыратыны жоқ Қазақстан минералды көздерді алу көрсеткіштер бойынша ең бір 10 мықты мемлекеттер қатарында. Енді бұлда осы бір ғалымның үлкен бір еңбегі деп білемін. Тіпті мысал келтіріп өтсек, қазіргі уақытта Қытай секілді мемлекеттерде дамып келе жатқан геопарктер. Қазақстанның да осы бағытта мүмкіндіктері өте көп. Әрі дамытуда. Осы ғылымның дамуына үлесін қосып жатқан, Қаныш Сәтпаевтің ізін қуған талантты ғалымдар Қазақстанда жетерлік. Бұның бәрі ғылымға деген қызығушылық барынан, оған қоса мектептердің осы бағытқа қарай дем беруінен де деп ойлаймын. Шыныа келсек, кішкене сіздерге қызығатыным да бар.
Баянауыл топырағынан сусындаған ғалым салған геология мектебі қазір көптеген елдер үшін өзекті. Ал Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың студенттерге арналған кәсіби жолы-табанды оқу мен ерекше таланттың үлгісі. Ғылыми, алғашқы металлогендік карталарды қолдана отырып деректерді болжау әлі күнге дейін металл кендерінің бай кен орындарын ашуға мүмкіндік береді. Дәл осы Сәтбаев геологияның жаңа бағытын - металлогенияны, кен орындарының орналасу заңдылықтары туралы ғылымды енгізді.
НИНА КОЧЕЕВА, ТАУЛЫ АЛТАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ
Қазір мұның бәрі күмән тудырмайды. Ресейдің әрбір бөлігінде металлогендік карталар орналасқан. Осының барлығын бастап қана қоймай, ұжымдастырып, тек ұжымдастырып қана қоймай өзгелер жасамаған түрлі шаруаларды аяғына дейін жеткізуінде, міне барлық еңбек қайда жиналған. Тіпті қазірге дейін осы карталармен жұмыстар жасалынуда. Бұл бір база десек те қате болмас.
Сәтбаевтың жаңа қазақ геология мектебін құрушы ретіндегі феноменін әлі күнге дейін ұрпақтары ризашылықпен зерттеуде. Бұл 20 ғасырдың адамы саналатын ғалымның үлкен мұрасы мен жаңалықтары қазірге дейін халыққа қызмет етуін жалғастыруда.Бұл ғылыми әрі бақылаушы топтар десек те болады. Одан кейін осы металогендік карталардың дұрыс бұрыстығна түрлі тексерулер жүргізілді. Бірақ осы геологиялық өндірістегілер осы карталардың ең дұрыс екендіген айғақ еткен еді.
Салтанат Бауыржанқызы