Сондай-ақ, биыл ҚР Мәдениет саласының үздігі, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы Ербол Қайыров 50 жасқа толды. Осыған орай «Елуге ердім елеңдеп» атты шығармашылық кеші мен кітаптардың тұсаукесері өтті. Толығырақ тілшіміз жалғастырады.
Өңіріміздің дамуына елеулі үлесін қосып жүрген жандардың бірі – Ербол Қайыров. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді. Ердің жасы елуді еңсерген азамат шығармашылық кешін ұйымдастырды.
МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ең бірінші кезекте, Ербол Қайыров осы өңірдің өлкетанушы, мәдениетіне, фольклорына үлес қосып отырған, менің ойымша ғалым деп санаймын
Кеш барысында Ербол Қайыровтың діни қайраткер Шаһидолла Түйтебекұлының ғұмырына арналған «Шаһидолла шапағаты» және фольклорлық жанрдағы «Ел тарихы – қазына» атты кітаптар жарыққа шықты.
Ербол Қайыров 6 жыл бойы облыстың 7 ауданында болып, данагөй қариялардан фольклор, аңыз әңігмелер, баталар, қара өлеңдер жазып алған.Солардың барлығы жинақталып, «Ел тарихы – қазына» кітабына енді. Екінші туыны діни қайраткерге арналған. Екі кітап 100 данадан шықты.
ЕРБОЛ ҚАЙЫРОВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ
Тереңкөл өңірінде хазырет атамыз бар, Шаһидолла Түйтебекұлы. Соның өмірін зерттеп, сол бойынша шыққан кітап. Биыл 150 жылға толып отыр, сондықтан осы кітап шығып отыр. Жалпы, енді алда тағы жазып жатқан батырлар туралы «Тағдыр жебесі» деген кітап аяқталып қалды 01:16++++ 02:04....Мен осындай шара өтетін жақында білдім. Оны жасап жатқан үлкен жолдастарым, Астана, Алматыдан келіп осының бәрін жасап жатыр. Соларға, қолдап жатқан мына облыс әкімшілігіне, мәдениет бөліміне үлкен алғысымды айтамын
Дидар-ғайып жүздесуге келген қонақтар қатарында ақын-жазушыларымыз бен зиялы қауым өкілдері болды. Солардың бірі елорда төрінен арнайы келді.
АЙДАР ҚЫРЫҚБАЙҰЛЫ, «ҚАЛАМГЕР АЗАМАТ» ЖАС ТІЛІШІЛЕР ҚҚ ТӨРАҒАСЫ
Ерекеннің халық үшін, ел үшін атқарып жатқан еңбегі өте мықты деп білемін. Қазіргі заманның, мәдениетінің өте мықты бір менеджері деп айта аламын. Қазір көп адамдар құнды деректерді іздеуге көп мән бере бермейді, ал Ерекең осы тұрғыда көп ізденіп, оснымен қатар өзі басқарып отырған музейдің жастарына үлкен қолдау көрсетіп, жан-жақтағы іссапарға жіберіп, Павлодар өңірінің адамдары мен Алаш зиялылары туралы көптеген зерттеулер жасады
Ербол Мәтіұлы ұзақ жылдар ел ішінде, халық жадында сақталып келе жатқан асыл мұралар мен жәдігерлерді жинақтап, фольклорлық мұраларымызды жаңғыртуда аянбай етіп келеді. Оның басшылық қызметтегі ұстанымдары берік дейді әріптестері.
ЕСМҰХАН МЕЙРАМҒАЛИ, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ
Ол кісінің шығармашылық жағына тоқталсақ, идеялары өте көп. Барлығын бізбен бөлісіп, соны іске асыруға біз тырысып жатамыз. Бірақ көптеген бағыт-бағдар беріп тырысып жатады. Ербол Мәтіұлына тілейтінім деніңе саулық, шығармашылық табыс, болашақта осы музей үшін жасап жатқан жобаларға баршамыз қолдаймыз деп ойлаймын
Ербол Қайыровтың мерейтойына арналған кеште игі жақсылар құттықтауларын жаудырды. Шара соңында жерлесі, күміс көмей әнші Дәуренбек Слямғали халық әуендерін әуелетті.
Қымбат Садық