Тұрғын үйлердегі өрттер адам өмірі мен денсаулығына зиян тигізіп, материалдық шығын әкеледі. Сол себепті төтеншеліктер тілсіз жаудың алдын алу бойынша шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Мәселен, Ақсу қаласында көпқабатты тұрғын үй тұрғындарына өрт қауіпсіздігінің ережелері бойынша түсіндірме жұмысы өтті.

Бір уақытта желіге бірнеше электр құрылғысын қосу, зақымдалған немесе тозған розеткалар мен электр құралдарын қолдану, ескірген электр жүйелері өрттің туындауына себеп бола алады. Сондықтан, Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша профилактикалық шара өткізді.

ЖӘНІБЕК ТӨРЕХАН, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТЖ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ

Тұрғын үйлердегі өрттердің негізгі себептері – розеткаға қосылған электр құрылғыларын қараусыз қалдыру, эектр жүйесінің қысқа тұйықталуы және шамадан тыс жүктелуі. Осы жағдайда Ақсу қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері тұрақты негізде түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, тұрғындарға ақпараттық жаднамалар табыстайды. Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары! Сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз!

Жыл басынан бері Ақсудағы тұрғын үй секторында 8 өрт тіркеліп, 4 адам зардап шеккен. Ал материалдық зиян құны 4 млн 500 мың теңгені құрады.

Жұлдыз Қабылденова