Ашаршылық құрбандары жерленген қала сыртындағы ескі мұсылман қорымы маңындағы ағаштар кесілді. Аумақты жасыл желекке көмкеріп тұрған пирамидалдық теректер кімге кедергі етті екен?
САМАЛ ҚАЛИҚЫЗЫ, ТІЛШІ
Бұл қала сыртындағы ескі мұсылман қорымы сонау ашаршылық жылдары қайтыс болғандар осында жерленді. Соған байланысты ескертіш тақтасы да қойылды. Қалалық коммуналшылар жылда аумақты тазартып, абаттандырып отырады. Гүлдерді отырғызған. Алайда күгін кеше бәз-біреулер ағаштарды кесіп кеткен.
Кесілген ағаштарды алып та үлгермеген. Сол жығылған күйі жерде жатыр. Қала сыртында ешкімге зиян келтірмей өзі мен өзі жйқалып тұрған жасыл жасыл желек кімге кедергі болды екен. Әлеуметтік желіде бұл пирамидалдық терек түрі деп жазылған. Оның ерекшелігі мамықтары болмайды, айналаға ерекше көрік беріп тұрады. Осы ретте, тұрғындардың шағымынан кейін қалалық әкімдік жазба қалдырды. Онда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі ағаштарды кеспеді, және кесуге тапсырма бермеді делінген. Жағдайы бойынша жергілікті полицияға хат та жолдаған.
Самал Қалиқызы