Қоғам дертіне айналған лудоманиямен күрес шаралары жүйелі түрде жалғасып келеді. Ал, Павлодар өңірінде осы мақсатта қандай жұмыстар атқарылуда. Толығырақ тілші материалынан көрейік.

Бүгінде қоғамда құмар ойынның арбауына түскен адамдар көбейіп келеді. Бұл – қоғам үшін де, мемлекет үшін де үлкен қауіп. Осы мәселеге тосқауыл болу мақсатында облыстық экономикалық тергеу-тексеру департаменті заңсыз ойын бизнесін, құқықбұзушылықтарды анықтайды.

ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БІРІНШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Стоп, ойын жедел-іздестіру шараларын жүргізщіп жатырмыз. Қазір агенттікте АФМ деген телеграмм бот бар. Сол арқылы халықтардан, тұрғындардан ақпарат түссе, сол арқылы бізге хабар беріледі. Жыл басынан бері қазір 1 қылмыстық іс тергелуде

Жауапты сала мамандары 2 жыл ішінде 600 сайт пен 14 мыңннан астам жазылушысы бар аккануттарды бұғаттаған. Ал облыста құмар ойындардыь жарнамалайтын баннерлер қыркүйек айында алынады. Ойындарды ұйымдастырған жандарға 7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу жазасы қарастырылған. Қоғамның бұл дертіне әлбетте, адам саналы түрде келмейді. Біртіндеп құрдымға кеткенін өзі де, басқасы да аңғармай қалады.

ЖОЛАМАН ҚИНАЛБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БІРІНШІ ЖЕДЕЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жастарға айтамыз, ойнамандар, ойыннан аулақ болыңдар деп. Бұл дертке шалдыққанын адам білмей қалады, және оны ешқашан мойындамайды. Бұл негізі нашақорлық, алкоголизиммен бірдей келеді. Бірақ, оларды медицина жөнінде емделсе, лудоманияны емдеу қиын. Сондықтан ойын сайттарына кірмеу керек, егер ақша тігетінін көрсеңіз дереу тоқтату керек деп ойлаймын

Сондай-ақ, Павлодар ақпарат басқармасының тапсырысы негізінде лудоманияға душар болған жастарға арналған фронт-офис ашылды. Мұнда маманның кеңесіне жазылып, психологиялық көмек алуға болады. Ол үшін 8 705 190 2110 телеофн нөмірне хабарласа аласыз.

Айта кетейік, егер ата-ана қандай да бір кеңес алғысы келсе Мәшһүр Жүсіп, 189 мекен-жайына бара алады. Иә, қоғамның дертіне айналған мұндай кеселден жастарды сақтау үшін барлық тәсілді қолданған абзал.

Қымбат Садық