Ақсу шаһары елге үлгі, өнеге болатын жандарға бай. Солардың бірі жылдар бойы қалалық ардагерлер кеңесін басқарып отырған Залмұқан Арынов. Сексеннің сеңгіріне жеткен қария қазір қоғамдық жұмыстарға, спортқа белсенді. Оның өмірі мен еңбек жолы жайлы келесі сюжетте.
Жерлесіміз Залмұқан Арынұлы 1944 жылы Павлодар облысы Кагановский ауданы Сынтас ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келді. Әкесі Айтпай механизатор болса, анасы үй шаруасымен айналысқан. Кейіпкерміз болса орта білімді тәмамдап, 1962 жылы Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтында физика-математика факультетіне оқуға түсті.
ЗАЛМҰҚАН АРЫНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Оқу бөліміне келдім Ілияс Оспанович деген азамат. Онда Залмұқан дайын директорсың ғой деді. Ол кезде Сарықамыс орта мектебінде алғашқы қызметімді бастадым. 1972 жылы Сарықамыс Екібастұз аудананың маманы болып қалдым. Қолымда 15 коммунист болды. Осы белсенді жұмысым үшін шығар директорлық қызмет ұсынылды. Екібастұз ауданы Төртқұдық ауданына жіберліді.
1976-1978 жылдары Комсомол мектебіне директор болды. Сол жерде жаңа мектеп корпусының іргетасын қалауға күш-жігерін салды. Одан кейін Шүлембаев атындағы мектепте директорлық, Жаяу Мұса атындағы колледжде меңгерушілік қызметте болды. 2007 жылы зейнетке шықты. Оның түлектері қазір аудан, облыс, республика көлемінде лауазымды қызметтерді атқарып жүр.
ЗАЛМҰҚАН АРЫНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Және мен өзі спортпен айналысамын. Қыста лыжи, жазда жүгіріс. Бұрын Екібастұза жүргенде екінші орын алып отырдым ылғи.
Залмұқан Арынұлы өзінің өмір жолын қызық пен қиындығы аралас жылдар дейді. Өмір бойы оқу-ағарту саласында еңбек етсе де спорт пен қоғамдық жұмыстарын тастамады.
ЗАЛМҰҚАН АРЫНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Әрине еліме туған жеріме деген аздаған еңбегім бар шығар. Қоғамдық жыұмыстарға айналысып жүріп. Ресс директорымен бірлесіп жүріп, мешітке де 4 жыл кетті. Асхана жанынан 300 орындық асхана салып жатырмыз. Оны өз оқушым салып жатыр. 30 млн ақша беріп, бәрі риза асхана салынуына атсалысты.
Залмұқан Арынұлы Сарболдақ Дүйсенқызымен 55 жыл бірге келеді. Ұл-қыздың тәрбиесі үйдегі отанасы байланысты дейді. 4 бала өсіріп, одан 8 немере, 4 шөбере көріп отырған жайы бар. Олардың бәрі елдің алды. Жоғары білімді, өз ісінің маманы. 80 жасқа жеткен қария үшін мақтанатын дүние де осы шығар.
Самал Қалиқызы