Олимпиада ойындарында өңіріміздің намысын қорғап жүрген, Павлодарлық жеңіл атлет Ольга Сафронова, жексенбі күні 200 метрге жүгірудің бірінші раундында бәсекеге түспек. Оның әріптестері спортшыға қолдау сөздерін айтып, сенім артуда.

Жеңіл атлетикадан еліміздегі белгілі спринтерлердің бірі Ольга Сафронова 10 жылдан астам ұлттық құрамада өнер көрсетіп келеді. Бүгінде Ольга Париждегі жазғы Олимпиаданың ашылуы кезінде Қазақстан тарихы бойынша ұлттық туды көтерген екінші әйел. Ал Ольга Сафронованың әріптесі, спорттағы мансабының бастауынан қолдау көрсетіп жүрген жандардың бірі- Роман Валиев. Ол өзі де Олимпиада ойындарындағы таңдауға 4 рет қатысқан.

Айта кетсек, Сафронова 11,37 секунд нәтижесімен 100 метр қашықтықтағы жүгіру бойынша Қазақстан рекордсмені. Ал медаль үшін бәсекелестік жоғары Олимпиада ойындарында, жерлесіміз 200 метр қашықтықты жүгіріп, жаңа рекорд ұту мүмкіндігіне ие.

РОМАН ВАЛИЕВ, ҚР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ

Егер сіз жеңіл атлетиканы түсініп қарайтын болсаңыз, онда оның спортшыларымыздың арасындағы бәсекелесу деңгейі қаншалықты күрделі екендігін байқай аласыз. Әрине осы кезге дейін, Ольганың деңгейі өте жоғары екендігіне тоқталған едім. Бірақ қарсыластары да осал емес. Сондықтан бұл ойын қиынға соғатыны анық

Әріптесінің айтуынша, Ольгаға бұл үлкен үлкен жетістіктерге жету үшін, ерең еңбегі мен қажымас қайраты жақтасып көмектесті Бұл үлкен жолда көбісінің күші жете бермейтіндігінде атап өтті.

РОМАН ВАЛИЕВ, ҚР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ

Тіпті сапарының басында оның мақсаты нық болды. Әр кез мойымай бар күшімен дайындалатын.Спортшылардың арасында үздігі болу үшін біз мүмкіндігімізден тыс дайындық жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Міне, соның бір де бір дәлелі деп Ольга. Ол барлығын тәнті ете алады. Биік жетістікке жету үшін, тыныш жүріп, анық басып, барлығын тәнті ете білу өте маңызды деп ойлаймын.

Ойындарда спортшы ел намысын қорғайды. Осы тұста халықтың қолдауы жарыс барысында спортшының өзін еркін ұстап, бәсекеден ләззат алуына көмектеседі дейді Роман Валиев.

РОМАН ВАЛИЕВ, ҚР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ

Мен Ольганың барлық мазалаған ойларынан арылса деймін.Тек барлық күшімен, үйренгенімен алып шықса деймін . Мен әр кез өз спортшыларыма осы ұстанымдарымның бірін еске салып отырамын. Біз осы жарыстарға шығып, ел намысын қорғау үшін күн демей, түн демей жаттығу жасайтынымызды ұмытпауымыз керек. Сол кезде ғана бар күшімізбен бәсекеге шығып, жақсы нәтиже көре аламыз. Осыны ұмытпайық.

Жерлесіміз нәтижесімен әлі талайды қуантады деген ойдамыз. Ал біз халық болып Олимпиада ойындарында жанкүйерлік танытуға әзірміз.

Салтанат Бауыржанқызы