Қыркүйек айында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Байрақты жарыстың маңызды додасы бұл – ат бәйгесі. Облыс орталығында күллі әлем көз тіккен дүбірлі сайыста өңір намысын қорғайтын жүйріктер іріктелді. Шабандоздарымыздың бәсекеге толы ойынын тілшіміз көріп қайтты.
Күні кеше өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатының VIII іріктеу кезеңі ат спортының барлық әуесқойлары үшін көптен күткен шара болды. Бұл шара Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бәйге түрі бойынша іріктеудің бірінші кезеңі өтті.
ҚАНАТ КӨПБАЕВ, "БӘЙГЕ" ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Осы бүгін ертістің жеріне келіп жатырмыз. Енді бізге павлодар бүгін Көшпенділер ойынынның бірінші отборы осында болайын деп жатыр. Бүгін мен білетіндей 60 аттай бар. 60 ат болса, 30 -40 шабандоз ғой.
Іріктеу кезеңіне Қарағанды, Алматы, Қостанай, Астана, Абай және Маңғыстау облыстарының өкілдері қатысты.
ДАРХАН ЖОЛАМАНОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Енді өздеріңіз байқағандай Қазақстанның түкпір түкпірінен небір аттар келді. Енді Алла қаласа осы жерде бабы мен бағы бірге шауып алдыңғы қатардан көрінген шабандоздар аттары және де Көшпенділер ойынында ел намысын қорғайтын болады. Енді бабын көріп жатсыздар қандай темпте, шауып мәреден қалай өткендерін.
Жарыс 4 бағыт бойынша өтті.Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге және Жорға жарыс. Шабандоздардың сөзінше ең күрделісі -24 шақырымдық аламан бәйге. Доданың жеңімпаздары ақшалай сыяпатқа ие болды. Жалпы жүлде қоры 24 900 000 теңгені құрады.
ҚАНАТ КӨПБАЕВ, "БӘЙГЕ" ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Осы жерге бүгін үш орын алған аттар, үш бәйге түрінен, төрт бәйге түрінен. Ол аламан, топ, құнан және жорға жарыстан үш бірінші орын алған аттар Көшпенділер ойынына қосылады. Енді бәріміз күтіп отырқ,мықты аттар келді. ЕНді қалай болад құдайдың қолында ғой.
Шабандоздар бала кезінен жарыстарға қатысуға дайындалады. Тек оларға ғана қатысуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда шабандоздың салмағы 28 келіден аспауы керек.
ӘМІР СЕРІК, ШАБАНДОЗ
Сосын 500ға шыққан кезде артымнан жетіп ала ма деп қорықтым. Тренерім айтты жүре бер жүре бер деп. Фиништен прямойға шыққан кезде тізгінмен айдап айдап қамшымен ұрдым. Алланың қалауымен келдім.
Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Әмір Серік екі мәрте жеңіп, бір жеңісінде 5 миллион теңгені қанжығасына байлады.Ол дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғайды.
Шара ұйымдастырушылары – еліміздің Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы және Павлодар облысының әкімдігі. Айта кетейік, чемпионат барысында тек шабандоздарға ғана емес, жалпы жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайтын көрермендерге арналған ұтыс ойындары да ойнатылды.
Салтанат Бауыржанқызы