Таллин көшесі, 70 үйдің тұрғындарын жаңбыр жауса үрей билейді. Ал, үйдің өзі апатты деп танылып, тұрғындары баспана кезегіне қойылса да қоныс тойы әлі алыс. Тілшіміз тарқатсын.
Таллинская, 70 мекенжайындағы үйде әскери әулеттің өкілдері тұрады. Ардагер Қайыржан Өмірбайұлының атасы мен оның ұлы ғұмырларын отан қорғау жолына арнаған. Осы үйде тұратын отбасы сегіз жылдан бері ауласына ағып, үйлеріне дейін кіріп кететін ағын судың зардабын көріп келеді.
Тұрғындардың айтуынша, билік сорғы құралын орнатқан екен. Алайда, қазір ол тозып қызмет етуін тоқтатқан. Жалпы бұл үй апатты деп танылып, тұрғындары баспана кезегіне алынған. Алайда, кезек тым созылып барады дейді.
Ал, қала билігі бұл баспанаға қатысты шараларды қабылдайтындығын айтты. Ертең сағат тоғыздаада су сору құрылғысын жіберіп, су деңгейін азайтудың амаладары жасламақ. Жағдай бақылауға алынды деді әкімдік.
Жанасыл Серікбол, Анастасия Ерш