Тамыз айының 1-нен бастап, қыркүйектің 30-ы аралығында «Мектепке жол» атты республикалық акция өтеді. Мақсат – аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының жаңа оқу жылына дайындалуына көмектесу.
Науқанның негізгі мақсаты - оқу жылына демеушілік қаражаты есебінен көмек көрсету болып табылады. Қайырымдылық көмек мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе керек-жарақтары түрінде көрсетіледі. Өткен оқу жылында өңірде 8300 оқушыға көмек көрсетілген, жалпы құны 105 млн теңгені құраған.
САМАЛ ӘЛІМОВА, БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Мектепке жол республикалық акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына орай материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу
«Мектепке жол» акциясы аясында барлық ұйымдарға, халық қалаулыларына, депутаттарға хаттар жіберіледі. Қазіргі таңда, жұмыстар жоспарланып, жұмыс жүйелі түрде атқарылуда.
САМАЛ ӘЛІМОВА, БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Демеушілер, меценаттар, әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік құрылымдар көмек ретінде мектеп, спорт формасы, аяқ киім, кеңсе керек-жарақ түрлерін де көмек көрсете алады
Айта кетйік, «Мектепке жол» акциясы дәстүрлі түрде өткізіледі. Шараның балаларды мектепке дайындап, отбасыларға қолдау көрсетуде зор маңызға ие.
Қымбат Садық