Лермонтов көшесі адам танымастай өзгереді. Жұмыстар басталып кетті. Келесі жылы жоба аяқталған соң аталған көше қаланың көрікті орындарының біріне айналмақ.

Көшені қайтадан қалпына келтіру жұмыстары биыл жағалау көшесінен бастап, Бұқар жырау көшесіне дейінгі аралықта іске асады. Келесі жылы жоба толықтай аяқталады деп күтілуде. Жоба бойынша көше келбеті заманаауи қалыпқа еніп, тұрғындар үшін ыңғайлы әрі жайлы бола түспек.

ҚОБЛАНБЕК КОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Заманауи көше болады деген ойдамыз. Сенімдеміз. Бұл жерде жаяу жүргіншілерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, баласын коляскамен әкеле жатқан ата-аналарға, велосипед тебушілерге барлығына жағдай ойластырылған. Автокөлікпен жүретін тұрғындарға да жайлы жағдай жасалады.

Көлік жүргізушілері оңға бұрылу үшін бағдаршамға тәуелді болмайды. Яғни, қызыл жанып тұрса да оңға бұрыла беретіндей мүмкіндік жасалады. Осылайша, Павлодарда бұрын болмаған жағдай алғашқы болып Лермонтов көшесіне жасалмақ.

ҚОБЛАНБЕК КОЖИН, ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

Қазір енді қала тұрғындары әр түрлі сұрақ көтеріп жатыр. Әр округтің депутаттарына жеке хабарласып та айтып жатыр. Быфлай қазір әрине жұмыс бітпегенше сұрақтар туындай береді. Тамыздың аяғында алғашқы жұмыстар біткен кезде полный картина станет. Сол кезде көруге болады

Қазір жұмыс басталған, кестеге сай жүріп жатыр.

Жобаны аяқтау мерзімі 2025-жылдың үшінші тоқсаны.

Жанасыл Серікбол