Павлодар облысында 127 заңсыз қоқыс орыны анықталды. Стихиялық қоқыс алаңдары «Қазақстан ғарыш сапары» мекемесімен бірлесіп жүргізген мониторинг кезінде белгілі болған.
Экология сақшылары бұл жағдайға жеткілікті жұмыс жүргізбеген жергілікті әкімдіктер кінәлі дейді. Жүйелі жұмыс болмағандықтан, бұл мәселе жыл сайын қайталана беретін көрінеді.
РУСЛАН ТЕМІРБОЛАТОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
Қазіргі сәтте бұндай қоқыс үйінділері облыстың әр жерінде бар. Әсіресе Екібастұз, Баянауыл, Тереңкөл аудандарында. Ең күрделі жағдай Павлодар қаласы мен Павлодар ауданында.
Қоқысты белгіленбеген орындарға тастау заңсыздық. Бұл жекелеген адамдардың жауапкершілігі. Алайда, алдын-алу шараларын жүргізбеген жергілікті атқарушы орындарда да бұл жағдайға жауапты дейді экологтар. Жыл сайын қайталана беретін жағдайды болдырмаудың амалын табуға тиіс деп санайды.
РУСЛАН ТЕМІРБОЛАТОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
Бұл бағыттағы жұмысты жасаудың негізгі құралдары бар. Мәселен, құқық қорғау мекемелері арқылы реидтік, патрульдік шаралар жүргізуге болады. Немесе қоршап тастап, қоқыс тастауға мүмкіндік бермеуге де болады.
Экологтар кейде бұндай жағдай үшін ЖАО ды әкімшілік жауапкершілікке тартуға мәжбүр.
РУСЛАН ТЕМІРБОЛАТОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ИНСПЕКТОР
Биыл жиыны 6 мемлекеттік мекемені әкімшілік жауапкершілкке тарттық. Олар Павлодар ауданыны ауылдық округтерінің әкімдік аппараттары. Бұл айыппұлдар жоспардан тыс жүргізілген тексеріс нәтижесінде салынды.
Заңсыз қоқыс үйінділері үшін салынатын айыппұл көлемі 50 ден 200 АЕК көлеміне дейін.
Жанасыл Серікбол