Өңірімізде телефон және интернет алаяқтық саны азаймай тұр. Жыл басынан бері 800-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген. Сондықтан, облыстық полиция департаменті тұрғындарға сақ болуды ескертеді.
Қазір алаяқтықтың арбауына түсіп, сан соғып қалатындар жиі кездеседі. Оның соңы отбасының ойранлауына әкеп соғады. Әсіресе, соңғы уақытта телефон алаяқтығы азаяр емес. Сенгіш халық әсіресе, әлеуметтік желі, мобильді құрылғы арқылы көптеп алданады. Алдау үрдістері де әр түрлі.
РИЗАБЕК ЖАНАТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯСЫНЫҢ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ
Сізге картадан үшінші тұлғалар жинақ алуға тырысып жатқанын және басқа шотқа ақша аударуды ұсынатынын айтады. Алаяқ Интернет желісінде тауарды төмен бағамен сату туралы хабарландырулар жариялайды. Сатып алу туралы қоңыраудан кейін алаяқ алдын ала төлемді аударуды ұсынады. Ақша аударылғаннан кейін "сатушы" жоғалады. әлеуметтік желіде сізге таныс адамнан белгілі бір соманы көрсетілген шотқа аудару туралы хабарлама келеді
Сондай-ақ, құқық қорғау органының қызметкерінен де хабарлама немесе қоңырау келіп, шотыңыздан белгісіз адамдар террористердің шоттарына ақша аударуға тырысып жатқандығын хабарлайды. Мақсаттары есепшотты қорғау үшін жеке мәлімметерді беруді сұрайды, сол арқылы бар қаражатты жымқырып алуы әбден мүмкін. Сондықтан, мұндай жағдай да тек ресми ақпаратқа сенген жөн.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға кез-келген ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбейінше ақиқат ретінде қабылдамауын, жеке мәліметтерді бөтен адамдарға жарияламауды, бейтаныс нөмірлерден келген хабарламаларға және қоңырауларға назар аудармауды сұрайды.
Қымбат Садық