Келер жылы Павлодар қаласында мұз айдынының құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Жоба құны 19 млрд теңгеден асады. Спорт нысаны 2 жыл салынады. Бұдан бөлек, облыста тағы қандай мемлекеттік бағдарламалар, жобалар жүзеге асырылады. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Павлодар облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейдң. Ол экономикалық және бюджеттік жоспарлау, аумақтық даму саласы. Аймақта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканың 6% өсіміне жету үшін резервтер анықталды. Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша облыс ел бойынша экономиканың негізгі көрсеткіштері бойынша екінші орынға ие.
ИРИНА НАЗАРЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының алғашқы кезеңі әзірленді. Құжат облыстың даму Жоспарының 124 мақсатты индикаторы бойынша негізге айналады. Басқарма, сонымен қатар, теңдестірілген бюджеттік саясатты қалыптастырады және үш жылдық бюджет жобасын әзірлейді. Үш жылдық бюджет 483,7 млрд. теңгені құрайды. Бұл бекітілген көлемнен 7,5%-ға көп. Әлеуметтік сала шығындары 293 млрд. теңгені немесе жалпы бюджет көлемінің 59%-ын құрайды.
Биыл басқарма облыстық бюджетті 3 рет нақтыланды. 8 рет толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бүгінгі таңда облыстық бюджеттің түзетілген көлемі 484 млрд теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 34 млрд теңгеге өсті.
ИРИНА НАЗАРЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Әлеуметтік салалардың шығыны 300 млрд теңгеден асады. Ол облыстық бюжеттің 60 пайыздан астамы. «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды модернизациялау» сияқты ұлттық жобаларға баса назар аударылған. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қалалар мен аудан әкімдерінің дербестігін арттыру мақсатында басқару тәсілдері модернизацияланды. Нақтырақ айтқанда, мектептерді жөндеу, жабдықтау, фельдшерлік акушерлік пунктердің жөндеу, жолдарды жаңарту, спорт мектептерде көлік сатып алу.
Өңірде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде халық саны 21 мың адамнан асатын 15 ауылды жаңғырту жоспарланып отыр. Осылайша 9,1 млрд. теңгеге 56 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 12-сі аяқталды, 15-сі аяқталу кезеңінде. Ал қалған 29 жоба әлі орындалады. Бұдан бөлек, мемлекеттік–жекешелік серіктестік аясында да түрлі жобалар қолға алынып отыр.
ИРИНА НАЗАРЧУК, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Павлодар қаласында мұз айдынын салу қарастырылып отыр. Оның құны 19 млрд теңгеден асады. Қазір конкурстық шаралар жүріп жатыр. Бұл бірнеше инженерлік құрылымнан тұратын мұз айдыны болады. Кейін 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Жоба құрылысы 2025 жылы басталады. 2 жыл салынады.
Сондай-ақ, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй салып, сатып алу үшін жалпы сомасы 1,4 млрд. теңгеге 167 бюджеттік несие беру жоспарланған. 175 млн. теңгенің 442 көтермеақысын үлестіру тағы бар. Қазіргі уақытта сомасы 411 млн. теңгеге 53 несие мен 95,3 млн. теңгеге 258 көтермеақы берілді.
Самал Қалиқызы