Павлодар география үйі жетінші жыл қатарынан "QazaqGeography" өңірлік өкілдігімен бірлесіп, өлкетану академиясын өткізді. Онда өңір оқушылары кемеде Ертіс өзені бойымен жүріп, өлкеміздің флорамен фаунасымен танысады. Танымдық экспедиция арқылы олар білімдерін толықтырады. Кезекті өткен басқосуға біздің түсірілім топта қатысып қайтты.

«Фарватер» Ертіс өлкетану академиясы өңір оқушылары үшін білім беру алаңына айналды. Адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялау әр азаматтың міндеті екені хақ. Сондықтан өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру маңызды. Аталған өлкетану тобы қоршаған ортаға деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оны қорғап, сақтауға шақырады. Бес күн бойы шәкірттер ғалымдармен бірге кемеде өзен бойымен жүріп, туған жер табиғатымен танысты. Айта кетейік, 2022 жылдан бастап аталған ұйым тарихшы-өлкетанушы, Павлодар қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Эрнест Дмитриевич Соколкинді еске алуға арналған.

АЛЕКСАНДР ВЕРВЕКИН, ПАВЛОДАР ГЕОГРАФИЯ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Біз үшін бұл академия дәстүрге айналған ең маңызды жобалардың бірі. Оқушылар мен ұстаздар табиғи мұрамызды зерттеп, зерделеуге қызығушылық танытады. Осындай кездесудің мақсаты бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырып, жан-жақты дамыту. Өскелең ұрпақ телефонға телміреп отырмай, табиғат аясында көбірек серуендеу керек.

Оқушылар өзен жағасында саяхаттады. Күн сайын олар біздің өңірдің көрікті жерлерін тамашалады. Тарихи оқиғалардан сыр шертетін жаңа деректермен танысты. Сонымен қатар флора мен фаунаның үлгілерін жинап, өлкетану зерттеулерін жүргізді.

ЛЕВ КОЛЕСНИКОВ, ӨЛКЕТАНУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ

Біз Ертіс өзені бойымен саяхаттаймыз. География, биология ғылымдар зерттейміз. Мен география үйіне жеті жыл барамын. Себебі, саған жаратылыс тану ғылымдарын зерттеп, танысу ұнайды

Экспедицияда өткен сабақтар оқушыларға адам, табиғат, экология, қоршаған ортаны қорғауда білімдерін жетілдіруге септігін тигізді. Бұған қоса, танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, табиғи құбылыстарде зерттеп, зерделеуге үлес қосты. Айта кетейік, саяхат соңында барлық қатысушылар лкетану академиясын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.

Әйгерім Тоқпанқызы, Валентина Леонова