Аққулы ауданына 85 жыл толды. Мерейтой атақты композитор Рүстембек Омаровтың 105 жылдығымен тұспа-тұс келді. Осыған орай киіз үйлер тігіліп, дүбірлі той өтті. Толығырақ тілішіміз жалғастырады.
Аққулы кіл мықтылар мен дүлділдер шыққан, қазынасы тарихха толы мекен. 85 жылдық мерейтойға ұйымдастырылған шаралар жоғары деңгейде өтті. Алдымен құрметті қонақтар, ауыл халқы ұлы ақын Абай ескерткішіне тағзым етіп, еске алды. Сондай-ақ, биыл домбырашы Рүстембек Омаровтың биыл туғанына 105 жыл. Халқы нар тұлғаны мақтан етіп, құрметтейді. Сондықтан шараға жиналған барша жұрт Шарбақты ауылындағы Рүстембек Омаров аллеясындағы мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, еске алды. Жиынға жерлесіміздің қызы Қарлығаш Омарова қатысып, ризашылығын білдірді.
Мұнан кейін, этноауылда киіз үйлер тігіліп, сахна төрінде «Ұлыларды ұлықтаған алтын бесік Аққулы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Айта кетейік, Аққулы ауданының дара тарихының бастауы 1939 жылы қаланды.Тарихи тамырын Лебяжі ауданы атауымен бастап, 2018 жылы Аққулы ауданы атауына ауыстырылды. Аудан құрамында 10 ауылдық округ, 23 елдімекен бар. 12 мыңнан асатын халқы жайлы өмір сүріп отыр. Тәуелсіздік алғаннан бері елдімекен көркейіп, көп жұмыс атқарылды.
РУСЛАН МҰҚАНОВ, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Бүгінгі таңда жерлестереміз аудан игілігі жолында туған жердіңғ өркендеуіне адал қызмет етіп келеді. Алдағы жоспарларды тың идеяларды, зор мақсаттар мен міндеттер, ынтымағы мен бірлігі жарасқан жерлестеріміздің қоладуымен бірлесе іске асырылады деген сенімдемін. Қымбатты аудан тұрғындары сіздерді шын жүректен ауданымыздың 85 жылдығымен құттықтаймын
Қасиетті мекенде батырлар жүріп өткен, әрі кіл мықтылар мен дүлдүлдер шыққан. Сондай азаматтар салған сара жолмен, аудан азаматтары абыроймен жүріп келеді.
Сондай-ақ, шара барысында ауданның дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар жандарға құрмет көрсетіліп, марапатқа ие болды. Солардың бірі, 44 жылдан астам қызмет атқарған еңбек ардагері Қуандық Жұматайұлына облыс алдында сіңірген еңбегі үшін медалі табысталды.
85 жылда Ертістің жағасындағы Аққулы мекені талай тарихи кезеңнің куәсі болды. Сол кезеңнің куәгер жандарының алды 90 жаста. Олардың бар тілегі, бейбітшілік заман мен ел тыныштығы.
Сонымен қатар, мерекелік шара барысында қолөнершілер көрмесі де өтті. Және спорт ойындары ұйымдастырылып, шабандоздар қатысқан бәйге өтті. Жауын-шашынға қарамастан аққулықтар дүбірлі той өткізіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.
Қымбат Садық