Май ауданында Шаншар Сұлтанбетұлының мазары қайта жаңғыртылып, бой көтерді. Ол қазақ хандығы тархындағы белгілі тұлғалардың бірі. Әйтей-бәсентин руының болысы болған. Қазақ халқының мүддесі жолында қайраткерлік танытқан жандардың қатарынан табылды.
Бұл мазар Май ауданы, Жұмыскер ауылының маңында. Елдімекеннің көнекөз қариялары Шаншар сұлтанның мазары осы екендігін растайды. Әкеден балаға жеткен әңгіме, шежірелі тарих осылай дейді.
АЙТУАР БЕКМҰХАМЕТ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
1971 жылы мен армиядан келгенде әкем осы зираттың ары жағында қйо бағып отырды. Мен әкеме көмектесіп жүрдім. Ол кезде қойды өзеннен суаратын, қойды айдап келе жатқанда әкем маған мына арада Шаншар төренің зираты бар үстімен айдама, жанымен айдап өт деді. Шаншар деген кім деп сұрадым. Шаншар деген үлкен кісі болған. Мына жардың жиегіндегі шаншар бұлағы.
Осы дерек Шаншар төренің ұрпақтарының да құлағына жетіп, зиратты зерттеу ісін қолға алады. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Зерттеу барысында орыс зерттеушілері сызған картадан да Шаншар төренің зираты осында екендігі көрсетілгендігі анықталады. Баба зиратының орыны анықталған соң жаңғырту жұмыстарын бастаған ұрпақтары игі істі ақырына жеткізді. Мазардың қайта бой көтеруіне орай барша ат салысқан жан бас қосып, құран бағыштады.
МЕЙРАМБЕК АХМЕТЖАНОВ, ШАНШАР СҰЛТАНБЕТҰЛЫНЫҢ ҰРПАҒЫ
Шаншар атамыз біздің алтыншы бабамыз болып келеді. Атамыз енді айтып өткендей 1758 жылы дүниеге келген. Қазақ хандығында өте беделді болған. Әкесі Сұлтанбеттің артынан ерген 13-ұрпағы бұл кісі
АМАНГЕЛДІ ХАБИҰЛЫ, ШАНШАР СҰЛТАНБЕТҰЛЫНЫҢ ЖИЕН ҰРПАҒЫ
Осы іске басынан абстап ақыл-кеңесін, дұрысм бағыт-бағдар берген қоғам қараткері Жұмабек Хамза төре ұлына айтар алғысымыз шексіз. Өзге де қол ұшын берген азматтарға мыңда бір рахметіміді айтқым келеді
Шараға қатысушылар бұл тарих үшін маңызды оқиғалардың бірі екендігін атап өтті.
БЕРІК ЖАҒЫПАР, МАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ
Өз басым осы жиынға қатысқаныма қуаныштымын. Біздердің ақзіргі кезде Қазақтың жаңа тарихын жазуда орын алатын маңызды уақиға деп ойлаймын. Бұрынғы жүйе бойынша әкішілік бөлініс, жер бөлінісі сұлтандардың тарихынан ашылып жатыр деп ойлаймын.
Шаншар төреден бөлек, Сұлтанбет сұлтанның өзгде балаларының зиратын өайта жаңғыру ісі алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Жанасыл Серікбол