Биыл қазақ ғылымының жарық жұлдызы, ұлтымыздың біртуар перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Ол отандық ғылымның дамуына теңдесіз үлес қосқан қайраткер, есімі әлемге әйгілі ғалым. Еліміздегі бірқатар іргелі ғылым салаларының негізін қалаушы. Дала данышпанының 125 жылдығына орай, Павлодарда ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125-жылдығына арналған салтанатты іс шаралар легі академиктің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Оған өңірдің зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары, мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

ЕРНҰР ӘЙТКЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Енді өздеріңіз білесіздер Қаныш Сәтпаев ұлы академик, соғыс кезінде марганец тапқан. Содан болат жасалды. Осы ҰОС кезінде снарядтар жасауға көмектесті, үлес қосты.

Шара Достық үйінде «Қаныш Сәтпаевтың феномені: кеше мен бүгін» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Алдымен аймақ басшысы Асайын Байханов сөз алып, салтанатты түрде шараны ашты.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қадірлі қауым!Жерлесімізді ұлықтау мақсатында Павлодар облысында 51 нысанға есімі беріліп, 9 ескерткіш қойылды. Дәстүрлі өтетін Сәтпаев оқулары жас ғылымның талабын ұштаумен келеді. Осы іс шараға белгілі ғалымдар қатысқаны қуантады. Оның мол мұрасы. Осы жолда еңбектеніп жүргендерге мол табыс тілеймін.

Қаныш Имантайұлы елдің өсіп өркендеуіне, ғылым мен өнеркәсіптің дамуына үлкен үлес қосты. Ғалымның салған сара жолы бүгінгі жас ғалымдарға үлгі боларлық. Осы ретте геология бағытында өткен конкурстың жеңімпаздарына гранттар табысталды. 7 жас зерттеуші «Қаныш Ізбасарлары» байқауының сертификаттарын иеленді.

МАДИ РАХИМОВ, ЖАС ҒАЛЫМ

Біздің мақсатымыз Қаныш Сәтпаевтың ғылыми мұрасын жалғастыру, осы бағытта жұмыстарды жалғастыру, Қаныш Сәтпаев геолог қана емес, инженер, тарихы, әнші, әбеитеші бола білді. 1925 жылы Едіге жырын тауып, жарияланған. Мәдени мұраны тарих бағытында дамытуға көзделген.

Қазақ даласының ұлы перзентінің ұрпағы да ғылымнан кенже қалмаған. Немере-жиентері геология, химия саласында. Осы ретте немересі Әлима Жармағамбетова да жылы естеліктермен бөлісті.

ӘЛИМА ЖАРМАҒАМБЕТОВА, ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ, ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Қаныш Имантайұлы 63 жасқа дейін ғана өмір сүрді. Ол әрқашан жұмыста болатын, сондықтан бізге немерелеріне әркез уақыт бөлді деп айта алмаймын. Ата мен немере деген сияқты кездесулер аз болатын. Кейде кешқұрым жиналып отыратынымызбыз. Тіпті сол кезден қалған сапалы фотосуреттер де жоқ. Атамыз өте қарапайым адам еді.

Қаныш Сәтпаев қазақ даласы, қазақ ұрпағы үшін мол еңбек етті. Бүгінгі ұрпақ игілігіне пайдалансын деп қаншама кен орындарын ашты. Геологиядан бөлек оның тарих, әдебиет бағытында қосқан үлесі де бар.

АЛТЫНБЕК НҰХҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «СӘТБАЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫ» ҚҚ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Қаныштың ғасыр адамы ғана емес, жалпы мыңжылдықтарға жасап кеткен ұлы мұрасы байлықты ғана ашу емес, руханият саласында, басқа салаларда өте талантты адам болғандықтан, қазақша айтқанда Құдай көп қасиет бойына бітірген аджам болғандықтан, қазақ елінің мақтанышы ретінде жасалынған жұмыстарын насихаттай біліп, оның ішінде Сәтпаев қоры осы кісінің еңбектеретін жастарға жеткізу, яғни болашақ ұрпақтың ұлт мақтанышына ұқсаймын деген, ол кісінің жасап кеткен ұлағатты істерінен үлгі-өнеге алсын деген істер іс шаралар деп білемін.

Сонымен қатар, конференцияға еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар, зерттеушілер келді. Жалпы Қаныш Сәтпаевтың 800-ден астам ғылыми мақаласы жарық көрген. Ол сонау 1941 жылдары КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалын басқарған. Осы кезеңде Ғылым академиясы біраз жетістіктерге жеткен.

КҮЛТАЙ ӘДІЛОВА, ҚР ҰҒА БІЛІМ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ҒЫЛЫМДАРЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Қаныш Имантайұлы сол кездегікеңесті дәуірде елеусіз болған академияны жоғары деңгейге көтеріп, штабқа айналдырды. Сол дәуірдің өзінде ғылым мен практиканы ұштастырып, экономикаға қарқынды серпіліс жасауға болатынын білген ғалым.

Осылайша ғылыми конференцияда Сәтпаевтың мол мұрасы жайлы кеңінен сөз қозғалып, әлі де зерттеуді қажет ететін тұстар талқыланды.

Самал Қалиқызы, Медет Кәрім, ЕА