Екібастұз қаласының «Самғау» орталығында қала жастары халық қаһарманы Бақытжан Ертаевпен және Еңбек Ері Рышат Әміреновпен кездесті. Онда патриотизм, елге деген сүйіспеншілік, бабалар аманаты төңірегінде әңгіме өрбіді. Қадірлі қонақтар «Богатыр» көмір кенішінің жұмысымен де танысты.

Қала тұрғындары қонақтарды салатанатпен қарсы алды.

Студенттермен кездесу барысында Бақытжан Ертаев жастарға Бауыржан Момышұлының Отанға адалдық туралы өсиеттерін еске салды. Батырдың айтуынша, адам ел мүддесі жолында кез келген сынақтан өте алады. «Отанын сүйген адам отқа күймейді, суға батпайды. Бұл сөздер әр қазақстандықтың жүрегінде өмірлік ұстанымға айналуы тиіс» деді генерал лейтнант.

Кездесу барысынан батырға балалар атынан символдық мәні зо сый тартылды. Артынша, қонақтар «Богатырь» кенішін аралап, жұмысымен танысты. Батырлардың Павлодар облысына сапары әрмен қарай да жалғасады.

Халық қаһармандары мен Еңбек ерлерінің IV республикалық конференциясы аясында мыңдаған тұрғынды қамтыған тағылымда шара жоспарланған.

Жанасыл Серікбол