Аймаққа жұмыс сапарымен еліміздің ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова келді. Мейман бүгін университеті қабырғасында ғылым және жоғары білім саласында жасанды интеллект дамыту мәселелері жөнінде ғалымдармен және студенттермен кездесті.
Білім беру саласының өкілдерімен кездескен Вице-министр Динара Щеглова Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған маңызды бастамаларға тоқталды. Осы мақсатта Үкімет нақты шараларды қолға алып, бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде қалыптастырып жатыр. Қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орындарында кадр даярлау, ғылымды дамыту және тіл саясатын жаңғырту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Динара Щеглова кездесуге қатысушыларға бұл бастамалардың маңызын түсіндіре отырып, жасанды интеллектті оқыту бағдарламаларына, яғни білім беру жүйесіне енгізілгенін, сондай-ақ отандық IT және тіл мамандарының әлеуеті артып келе жатқанын жеткізді.
Динара Щеглова, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі
Қазіргі таңда КазЛЛМ аплатформасында ашық форматта қолжетімді. Оның негізгі нақты қолтаңбалар іске қосылуда. Сондай-ақ тіл қазына қазақ тілін оқытуға бағытталған Тіл қазына ЛЛм атты мамандандырылған осы модельдер казлфэст орналастырылып жатыр. Аталған модеьдер негізінде жасанды интеллекке сүйінген бірқатар қолданбалар жасалды. Мәтіндерде тексеру автоматты түрде тексерді.
Атап айтқанда, 95 жоғары оқу орнында жасанды интеллект негіздері бойынша арнайы білім беру бағдарламалары енгізілді. Ал 30 университет жасанды интеллект саласына бағытталған инженерлік мамандықтар бойынша тереңдетілген, мамандандырылған оқытуды жүзеге асырмақ. Қазақ тілді жасанды интеллект модельдері құрылуда. Цифрлық құралдар арқылы тілдік білімді қолжетімді ету маңызды. Вице-министрдің сөзінше қазір бірнеше платформалар құрылып жатыр.
Динара Щеглова, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі
Мектепке дейінгі кеңеде балалардың алғашқы тілдік дағдыларын ұйымдастыру үшін бала тіл жобасы жұмыс істейді. Тіл құрал және еңбек жүйлеі дамытуға бағытталған. Студеттер каз гармма сөздік қор мүмкіңндік береді.
Алдағы уақытта осы жобалар толық орындалып, әрі қолжетімді болмақ. Бұл технологияны ұштастыра отырып, болашақ ұрпаққа сапалы білім беруде тиімді жолы болмақ.
Әйгерім Тоқпанқызы