Шарбақты ауданында балабақшаларды жөндеу жалғасуда. Победа және Чкалов көшелерінде орналасқан мектепалды нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Айта кетейік бұл мәселелені ата-аналар бірнеше рет көтерген болатын. Енді балалар заманауи әрі қауіпсіз ортада білім алуға мүмкіндік алып отыр.

 Қазіргі таңда Шарбақты ауданында 18 мыңнан астам халық тұрады. Ауданда 27 елді мекен мен 7 селолық округ бар. Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде мектепке дейінгі мекемелердегі жағдай едәуір жақсарды. Бөбектермен педагогтар үшін жайлы орта жасалып, ғимараттар қауіпсіздік пен білім сапасына қойылатын заманауи талаптарға толықтай сай болды.

Айта кетейік, барлық жобалар аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлескен мониторинг арқылы қадағаланып отыр. Бұл ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етудің бір жолы. Жөндеуден өткен балабақшалар алдағы уақытта да бақылауда болып, олардың материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылатын болады.

Дильназ Қуанышбекқызы